Мұнай және газ өндіру жөніндегі жетекші инженер
«Казақтүрікмұнай» ЖШС Ақтөбе қ.Қызметтік міндеттерді орындау үшін қажетті білімдер:
-
Жер қойнауын пайдалану саласындағы серіктестіктің қызметін реттейтін заңнамалық және нормативтік құқықтық актілер;
-
Серіктестіктің өндірістік қуаттары;
-
Серіктестіктің өнім өндіру технологиясы;
-
Серіктестіктің өндірістік қызмет жоспарын жасау және келісу тәртібі;
-
Еңбек, өндіріс және басқару ұйымдастырылуы;
-
Экологиялық заңнаманың негіздері;
-
Еңбек заңнамасының негіздері;
-
Қазақстан Республикасының «Азаматтық қорғау туралы» Заңының негіздері.
Осы лауазымдағы функционалдық міндеттер:
-
Мұнай мен газды өндіру, жинау, дайындау, тасымалдау, тапсыру, суды айдау (пласт қысымын ұстау – ПҚҰ) технологиялық процестерінің ағымдағы және келешектегі шараларын уақытылы әзірлеуді қамтамасыз етеді және олардың орындалуын бақылайды.
-
Скважиналар қорын жөндеу жиілігін азайту және жөндеуаралық кезеңді ұлғайтуға бағытталған іс-шараларды әзірлейді және олардың орындалуын бақылайды.
-
Мұнай өндіру нысандарының өндірістік-техникалық көрсеткіштерін және скважиналар (мұнайлы және нагнетательді) қорын пайдаланудың жағдайын талдайды.
-
Жоғарғы бақылау органдарының бұйрықтары, өкімдері мен нұсқауларын сапалы әзірлеу және орындауды бақылауды жүзеге асырады.
-
Өндірістік нысандардың құбырларын техникалық тексеру және қызмет көрсету жұмыстарын ұйымдастырады және олардың орындалуын бақылайды.
-
Технологиялық/аралық алаңдық құбырлар мен газ құбырларын күрделі жөндеу бойынша ұйымдастырушылық-техникалық іс-шаралар жоспарын әзірлейді және олардың орындалуын бақылайды.
-
Белгіленген нысанда тиісті органдарға қажетті есептілікті жасайды және ұсынады.
-
Бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Серіктестіктің өндірістік бағдарламасының жобасын әзірлейді.
-
«Серіктестіктің өндірістік бағдарламасын қалыптастыру, қарау және орындауын бақылау қағидалары» аясында өндірістік бағдарлама жобасын жинақтап, сүйемелдейді.
-
Өндірістік-техникалық бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ай қорытындысы есепті материалдарын дайындайды.
-
Тауарлар, жұмыстар, қызметтерді сатып алуға арналған құжаттаманы дайындайды, оның ішінде жұмыстарды орындауға және қызметтерді көрсетуге техникалық тапсырмаларды, тауарларды жеткізуге техникалық сипаттамаларды әзірлейді.
-
Орындаған жұмыстар/қызметтер көрсетудің тексерісі барысында анықталған кемшіліктерді, ақауларды келісімшартта белгіленген мерзімде жою сапасына бақылау жүргізеді.
-
Нысандарға, учаскелерге мерзімді тексеріс жүргізеді және техникалық құжаттамаға сәйкес өндірістік процестер мен жұмыстардың жүргізілуін бақылайды.
-
Өндірістік-техникалық бөлімнің құзыретіне кіретін шеңберде бөлім басшысы немесе Серіктестік басшылығының тапсырмалары бойынша басқа да жұмыстарды орындайды.
-
Өндірістік-техникалық бөлімге қатысты мәселелер бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жоспарлауға қатысады.
-
Серіктестіктің бюджетін және бизнес-жоспарын әзірлеуге қатысады.
-
Мұнай мен газды өндіру және тапсыру, пласт қысымын ұстау (ПҚҰ), скважиналарды жөндеу бойынша жоспарлы тапсырмаларды орындауға бағытталған ұйымдастырушылық-техникалық шараларды әзірлеуге қатысады, олардың орындалуын бақылайды және скважиналардың технологиялық режимдерін, скважиналар қорын оңтайландыруға арналған геологиялық-техникалық іс-шараларды, күрделі және ағымдағы жөндеу бригадалары қозғалысының жоспар-кестелерін жасауға қатысады.
-
Мұнай өндіру нысандарында орын алған жазатайым оқиғалар мен апаттарды тексеруге қатысады және олардың алдын алу бойынша іс-шараларды әзірлеуге қатысады.
-
Мұнай өндіру нысандарындағы еңбек қауіпсіздігі бойынша тұрақты жұмыс істейтін комиссия (ТЖК) құрамында жұмысқа қатысады, техникалық құжаттама мен қауіпсіздік ережелеріне сәйкес өндірістік процестер мен жұмыстардың жүргізілуін бақылайды.
-
Қолданыстағы ережелер мен нұсқаулықтарға сәйкес еңбек қауіпсіздігі, еңбекті қорғау, өндірістік санитария, еңбек гигиенасы және өртке қарсы қорғау талаптарын сақтайды.
-
Серіктестік нысандарын күзгі-қысқы кезеңге дайындау бойынша ұйымдастырушылық-техникалық іс-шараларды әзірлеуге қатысады.
-
Серіктестік нысандарында еңбек жағдайларын жақсарту және сауықтыру бойынша іс-шараларды әзірлеуге қатысады.
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Маман
- Магистр
Ұқсас вакансиялар

