Мұнай және газ өндіру жөніндегі жетекші инженер

«Казақтүрікмұнай» ЖШС Ақтөбе қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
52

Қаралған саны:
959

   Конкурс туралы

Қызметтік міндеттерді орындау үшін қажетті білімдер:

  • Жер қойнауын пайдалану саласындағы серіктестіктің қызметін реттейтін заңнамалық және нормативтік құқықтық актілер;

  • Серіктестіктің өндірістік қуаттары;

  • Серіктестіктің өнім өндіру технологиясы;

  • Серіктестіктің өндірістік қызмет жоспарын жасау және келісу тәртібі;

  • Еңбек, өндіріс және басқару ұйымдастырылуы;

  • Экологиялық заңнаманың негіздері;

  • Еңбек заңнамасының негіздері;

  • Қазақстан Республикасының «Азаматтық қорғау туралы» Заңының негіздері.

Осы лауазымдағы функционалдық міндеттер:

  1. Мұнай мен газды өндіру, жинау, дайындау, тасымалдау, тапсыру, суды айдау (пласт қысымын ұстау – ПҚҰ) технологиялық процестерінің ағымдағы және келешектегі шараларын уақытылы әзірлеуді қамтамасыз етеді және олардың орындалуын бақылайды.

  2. Скважиналар қорын жөндеу жиілігін азайту және жөндеуаралық кезеңді ұлғайтуға бағытталған іс-шараларды әзірлейді және олардың орындалуын бақылайды.

  3. Мұнай өндіру нысандарының өндірістік-техникалық көрсеткіштерін және скважиналар (мұнайлы және нагнетательді) қорын пайдаланудың жағдайын талдайды.

  4. Жоғарғы бақылау органдарының бұйрықтары, өкімдері мен нұсқауларын сапалы әзірлеу және орындауды бақылауды жүзеге асырады.

  5. Өндірістік нысандардың құбырларын техникалық тексеру және қызмет көрсету жұмыстарын ұйымдастырады және олардың орындалуын бақылайды.

  6. Технологиялық/аралық алаңдық құбырлар мен газ құбырларын күрделі жөндеу бойынша ұйымдастырушылық-техникалық іс-шаралар жоспарын әзірлейді және олардың орындалуын бақылайды.

  7. Белгіленген нысанда тиісті органдарға қажетті есептілікті жасайды және ұсынады.

  8. Бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Серіктестіктің өндірістік бағдарламасының жобасын әзірлейді.

  9. «Серіктестіктің өндірістік бағдарламасын қалыптастыру, қарау және орындауын бақылау қағидалары» аясында өндірістік бағдарлама жобасын жинақтап, сүйемелдейді.

  10. Өндірістік-техникалық бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ай қорытындысы есепті материалдарын дайындайды.

  11. Тауарлар, жұмыстар, қызметтерді сатып алуға арналған құжаттаманы дайындайды, оның ішінде жұмыстарды орындауға және қызметтерді көрсетуге техникалық тапсырмаларды, тауарларды жеткізуге техникалық сипаттамаларды әзірлейді.

  12. Орындаған жұмыстар/қызметтер көрсетудің тексерісі барысында анықталған кемшіліктерді, ақауларды келісімшартта белгіленген мерзімде жою сапасына бақылау жүргізеді.

  13. Нысандарға, учаскелерге мерзімді тексеріс жүргізеді және техникалық құжаттамаға сәйкес өндірістік процестер мен жұмыстардың жүргізілуін бақылайды.

  14. Өндірістік-техникалық бөлімнің құзыретіне кіретін шеңберде бөлім басшысы немесе Серіктестік басшылығының тапсырмалары бойынша басқа да жұмыстарды орындайды.

  15. Өндірістік-техникалық бөлімге қатысты мәселелер бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жоспарлауға қатысады.

  16. Серіктестіктің бюджетін және бизнес-жоспарын әзірлеуге қатысады.

  17. Мұнай мен газды өндіру және тапсыру, пласт қысымын ұстау (ПҚҰ), скважиналарды жөндеу бойынша жоспарлы тапсырмаларды орындауға бағытталған ұйымдастырушылық-техникалық шараларды әзірлеуге қатысады, олардың орындалуын бақылайды және скважиналардың технологиялық режимдерін, скважиналар қорын оңтайландыруға арналған геологиялық-техникалық іс-шараларды, күрделі және ағымдағы жөндеу бригадалары қозғалысының жоспар-кестелерін жасауға қатысады.

  18. Мұнай өндіру нысандарында орын алған жазатайым оқиғалар мен апаттарды тексеруге қатысады және олардың алдын алу бойынша іс-шараларды әзірлеуге қатысады.

  19. Мұнай өндіру нысандарындағы еңбек қауіпсіздігі бойынша тұрақты жұмыс істейтін комиссия (ТЖК) құрамында жұмысқа қатысады, техникалық құжаттама мен қауіпсіздік ережелеріне сәйкес өндірістік процестер мен жұмыстардың жүргізілуін бақылайды.

  20. Қолданыстағы ережелер мен нұсқаулықтарға сәйкес еңбек қауіпсіздігі, еңбекті қорғау, өндірістік санитария, еңбек гигиенасы және өртке қарсы қорғау талаптарын сақтайды.

  21. Серіктестік нысандарын күзгі-қысқы кезеңге дайындау бойынша ұйымдастырушылық-техникалық іс-шараларды әзірлеуге қатысады.

  22. Серіктестік нысандарында еңбек жағдайларын жақсарту және сауықтыру бойынша іс-шараларды әзірлеуге қатысады.

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр