«QazaqGaz Aimaq» АҚ Қостанай өндірістік филиалының Лисаков газ шаруашылығы өндірістік бақылау, еңбек қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау қызметінің инженері

«QAZAQGAZ AIMAQ»АҚ Қостанай өндірістік филиалы Лисаков қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 1 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
4

Қаралған саны:
900

   Конкурс туралы

Құрметті үміткер!

Сізге біздің компанияға көрсеткен қызығушылығыңыз үшін алғысымызды білдіреміз.

Вакансияға жауап бермес бұрын, конкурсқа қатысу үшін міндетті шарттармен танысуды сұраймыз:

  1. Білім, жұмыс тәжірибесі, дағдылар және т.б. туралы берілген мәліметтердің дұрыстығына жауапкершілік үміткердің мойнында.
  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, сізге 5 (бес) жұмыс күні ішінде коррупциялық қылмыс жасағаныңыз туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама ұсыну қажет.
  1. Сізден жеке кабинетіңіздегі тиісті хабарламаларды бақылауды сұраймыз.
  2. Төменде жарияланған вакансиямен таныса аласыз.

Міндеттері:

  • Филиалда өнеркәсіптік қауіпсіздік, еңбек қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау бойынша өндірістік бақылау жұмыстарын ұйымдастырады және үйлестіреді, филиалдың құрылымдық бөлімшелерінде еңбек қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау бойынша заңнамалық және басқа да нормативтік құқықтық актілердің сақталуын бақылауды жүзеге асырады, өндірістік жарақаттанудың, кәсіби және өндірістік аурулардың алдын алу бойынша профилактикалық жұмыстар жүргізеді, филиалда еңбек жағдайларын жақсарту бойынша шараларды жүзеге асырады, қызметкерлерге еңбек жағдайлары бойынша көзделген жеңілдіктер мен өтемақыларды ұсынады;
  • Служба бастығының тікелей басшылығымен филиалда өнеркәсіптік және өрт қауіпсіздігі мәселелері бойынша жұмыстарды ұйымдастырады;

    Филиал объектілерінде өнеркәсіптік және өрт қауіпсіздігін, еңбек қауіпсіздігін және қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ету бойынша жыл сайынғы іс-шаралар жоспарын әзірлейді, жоспардың орындалуын бақылап, тоқсан сайын талдау жүргізеді. Жыл соңында іс-шаралар жоспарының орындалуы бойынша есеп дайындайды;

    Өндірістік бақылау комиссиясының, сондай-ақ еңбек қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау бойынша ішкі бақылау комиссиясының жұмысына қатысады;

    Филиал қызметкерлерінің арнайы оқу орталықтарында, НТЦ-де өнеркәсіптік және өрт қауіпсіздігі, еңбек қауіпсіздігі және т.б. бойынша дайындық, қайта даярлау, оқыту және білімдерін тексеру бойынша жұмыстарды есепке алып, бақылауды жүзеге асырады.

Талаптар:

  • Жоғары кәсіби білім (техникалық, экономикалық немесе заңгерлік) және кәсіби салада кемінде 1 жыл жұмыс тәжірибесі, мамандық бойынша кемінде 1 жыл жұмыс тәжірибесі.

  • Арнайы білім (квалификацияны арттыру сертификаттарының болуы), өнеркәсіптік қауіпсіздік бойынша білімді тексеру куәлігі, еңбек қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау сертификаты.

    СПК, ОТиОС қызметінің инженері өз қызметінде орындаған жұмыстардың көлемінде келесі құжаттарды білуі және оларға сүйенуі тиіс:

           -    ҚР «Газ және газбен жабдықтау туралы» Заңы;

           -    ҚР «Азаматтық қорғау туралы» Заңы;

           -    ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңы;

           -    Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексі;

           -    Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік, еңбек қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау саласындағы қызметін реттеуге қатысты басқа да нормативтік құқықтық актілер мен нормативтік-техникалық құжаттар.

Шарттар:

  • Жұмыс орны: Қостанай қаласы
  • Бес күндік жұмыс аптасы, сенбі және жексенбі демалыс
  • Толық әлеуметтік пакет

Қажетті қабілеттер

  • высокая обучаемость и оперативность