Клиенттерді техникалық қолдау және сүйемелдеу бөлімінің пайдаланушыларға қызмет көрсету инженері, Атырау қ. (аутстаффинг секторы)
«ҚМГ- Құмкөл» ЖШС Атырау қ.Міндеттері:
-
Компьютерлік жабдықтар мен оргтехниканы техникалық қызмет көрсетудің барлық түрлерін ұйымдастыру және орындау (принтерлер мен сканерлерді орнату және ұсақ жөндеу, картридждерді ауыстыру);
-
Жабдықтарды пайдалануды жақсарту, ақаулар мен жұмыс тоқтап қалуын болдырмау, жұмыс сапасын арттыру және есептеу техникасын тиімді пайдалану бойынша жұмыстарды орындау;
-
Тапсырыс беруші ұсынған нысандарға сәйкес өтінімдер бойынша ай сайынғы есептерді, жабдықтарға өтінімдерді және жөндеу бойынша техникалық құжаттаманы дайындауға және Тапсырыс берушіге ұсынуға қатысу;
-
Тапсырыс берушінің кеңестері, бейнеконференциялары және жиналыстарын техникалық сүйемелдеу;
-
Тапсырыс берушінің аудио және бейне жабдықтарын баптау, бейнеконференцияларды техникалық сүйемелдеу;
-
Қолданыстағы жергілікті желінің ішкі желілік желілерін («витая пара») жөндеу немесе жаңаларын тарту;
-
Пайдаланушылардың мемлекеттік және коммерциялық онлайн-қызметтерде жұмыс істеуі үшін модульдер мен плагиндерді баптау;
-
Компьютерге Acronis жүйелік бейнесін орналастыру (развертывание), драйверлерді орнату және бағдарламаларды баптау;
-
Пайдаланушыларға бағдарламалық қамтамасыз ету бойынша кеңес беру.
Талаптары:
-
Ақпараттық технологияларды енгізу және сүйемелдеу, жүйелік бағдарламалық құралдар мен ілеспе бағдарламалық қамтамасыз ету саласындағы дағдылар;
-
Аудио және бейне жабдықтарымен жұмыс істеу, бейнеконференциялар ұйымдастыру дағдылары;
-
Пайдаланушыларға бағдарламалық қамтамасыз етумен жұмыс істеу бойынша кеңес беру саласындағы коммуникативтік дағдылар;
-
Тапсырыс берушілермен жасалған шарттар шеңберінде есептер мен техникалық құжаттаманы дайындау дағдылары;
-
Мемлекеттік және коммерциялық онлайн-сервистермен жұмыс істеу дағдылары;
- Өндірістік объектілерге техникалық қызмет көрсету саласындағы білім;
- Білімі: жоғары кәсіби (техникалық, ақпараттық технологиялар саласында) немесе орта техникалық білім.
Шарттары:
- Медициналық сақтандыру;
- Компания есебінен біліктілікті арттыру;
- Бір жылдағы жұмыс нәтижелері бойынша сыйлықақы;
- Әңгімелесу нәтижелері бойынша жалақы мөлшері.
Міндетті түрде тілдерді білу
- Қазақ тілі (Бастапқы)
Ұқсас вакансиялар