Тасымалдау құжаттарын өңдеу жөніндегі Оператор 2 - сыныпты Ганюшкино станциясы "ҚТЖ "ҰК" АҚ филиалы - "Магистральдық желі дирекциясы"Атырау магистральдық желі бөлімшесі

265538 - 281823
Атырауское отделение магистральной сети Атырау облысы
Қажетті жұмыс тәжірибесі: Тәжірибесіз Еңбекпен толық қамтылу, Ауысым кестесі
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
3

Қаралған саны:
37

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттер:

Ауысымды қабылдау кезінде тасымалдау құжаттарының санын және құжаттарда түзетулердің бар-жоғын тексеру белгіленген тәртіппен ағытылған вагондардың және станциядағы поездардың тасымалдау құжаттарының санын тапсырады; СМЖС ресімдеу кезінде топтық құжаттардан ажыратылған қосымша құжаттарды ресімдеуді ДКР АБЖ бойынша тексереді толық жүк құжатын, электрондық құжатты ресімдеу кезінде "электрондық"белгісі бар вагон парағын ұстануға тиіс; Жүк құжаттарының сақталуын қамтамасыз ету, осы поезға құжаттар пакетінің тұтастығы мен тиесілігін тексеру; Жергілікті вагондар келген соң осы құжаттарды штемпелдеуді жүргізеді және құжаттарды тапсыру кітабында белгісі бар тауар кассасына береді; Үлкен жүктің үстінен жабу схемасын тексереді; Тез бұзылатын жүктері бар вагондарды тексереді, жөнелтудің уақтылы жүргізілгені туралы хабарлайдыНоменклатуралық жүктері бар вагондарды тіркеген және ағытқан кезде әскерилендірілген күзет қызметкерлерін хабардар ету және күзетке ұсыну; Мақта өнімі бар вагондар келген соң, ҚБП поезд нөмірі мен вагондардың нөмірі туралы хабарлайды; Қызметі аймағында станция орналасқан кеден органдарын вагондар мен жүктері бар контейнерлерді ағытып алу туралы уақтылы хабардар ету.

Қажетті білім дәрежесі

  • Техникалық және кәсіптік білім беру
  • Колледж