Риддер станциясының ТҚКП-ның вагон қараушысы-жөндеушісі «ҚТЖ «ҰҚ» АҚ-ның «Тасымалдау процесі дирекциясы» филиалы

от 232966
ВЧД-24 ЗАЩИТИНСКОЕ ЭКСПЛУАТАЦИОННОЕ ВАГОННОЕ ДЕПО 3 группа Шығыс Қазақстан облысы
Қажетті жұмыс тәжірибесі: Тәжірибесіз Еңбекпен толық қамтылу, Ауысым кестесі
Бос жұмыс орын тоқтатылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
1

Қаралған саны:
8

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттер:

Мүмкіндігінше: Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін және ұйымның өндірістік-шаруашылық қызметін регламенттейтін актілерді білу. Қауіпсіздік техникасының, өрт қауіпсіздігі мен электр қауіпсіздігінің жалпы қағидалары.
Міндетті: Вагондарды тексеру және жөндеу, тежегіштерді сынау. Жүріс бөліктеріндегі, шанақтағы, вагондардың тораптары мен бөлшектеріндегі ақауларды өлшеу құралдарының көмегімен және сыртқы түрі бойынша айқындау.
Жұмыс орнындағы қауіпсіздік және еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі және өндірістік санитария талаптарын сақтау.
Вагондарды тексерушi-жөндеушiлер кепiлдiк берiлген учаске бойынша поездардың авариясыз өтуiн қамтамасыз ететiн жүк және жолаушылар поездарының құрамдарында вагондардың қауiпсiз өтуi үшiн жауапты болады.
Сигналдық керек-жарақтар жиынтығында көзделген құрал-саймандардың, өлшеу құралдарының болуын және жарамдылығын тексеру, бекітілген технологиялық процеске сәйкес өзімен бірге жарамды құрал-сайман, өлшеу және бақылау құралдары болу.
Келген поезды жүріспен қарсы алу, алдын ала келу жолына шығу және екі жағынан белгіленген орынға орналастыру.
Қозғалыстағы поездың вагондарын қарап шығу, сыртқы белгілері бойынша доңғалақ жұптарының сырғанау бетіндегі, букстік тораптардағы, арбалардағы ықтимал ақаулықтарды анықтау, жекелеген вагондардың тежегіштерін босатпаған, генератор жетегінің жұмысын шектейді.

Біліктілік талаптары:

Білімі: белгіленген бағдарлама бойынша орта және арнайы дайындық
Жұмыс тәжірибесі: жұмыс өтіліне талап қойылмайды

Қосымша талаптар:

Поезд жүрісінде ақаулар немесе олардың белгілері байқалған кезде осы вагондарды белгілеу қажет.
Поезд тоқтағаннан кейін локомотив бригадасынан тежегіштердің жұмысы туралы және жол жүру жолындағы вагондардың ақаулықтары туралы ақпарат алуға міндетті.
Вагондарды ағытпай жөндеу өндірісінде техникалық қызмет көрсету кезінде құрамды белгіленген нысандағы жылжымалы сигналдармен қоршайды, вагондарды жөндеу жұмыстарының көлемін анықтайды.
Поездың кестелік тұрағы уақытында вагондардың тораптары мен бөлшектерінің анықталған ақауларын жою бойынша жұмыстарды орындайды.
Жүріс бөліктеріндегі, шанақтағы, вагондардың тораптары мен бөлшектеріндегі ақауларды өлшеу құралдарының көмегімен және сыртқы түрі бойынша айқындау.
Ауданның өнеркәсіптік кәсіпорындарын кірме жолдарға қабылдау кезінде жүк вагондарының жиынтықталуын вагон жиынтықталмаған жағдайда қажетті құжаттарды жасай отырып, бекітілген жергілікті нұсқаулыққа сәйкес тексеру.еңбек және орындаушылық тәртіпті сақтау;
Серіктестік басшылығының және тікелей басшының тапсырмаларын орындау;
іскерлік этика және корпоративтік мәдениет нормаларын сақтау;
құпиялылық нормаларын және Серіктестік пен Компанияның жергілікті актілерін бұзбай дұрыс ақпаратты уақтылы ұсынуды;
өзінің пайдалануындағы мүлікке ұқыпты қарау және оның сақталуын қамтамасыз ету, сондай-ақ басқа қызметкерлердің мүлкіне ұқыпты қарау;
сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама нормаларын, сондай-ақ Серіктестіктің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саясатының қағидаттары мен талаптарын сақтау;

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Магистр
  • Техникалық және кәсіптік білім беру
  • Колледж

Міндетті түрде тілдерді білу

  • Қазақ тілі (Кәсіби)
  • Орыс тілі (Бастапқы)