5-разрядты санитарлық-техникалық жабдықтарды жөндеу слесарі (2 бірлік)

Ақбастау БК АҚ Шымкент қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 1 жылдан 3 жылға дейін Еңбекпен толық қамтылу, Вахталық әдіс
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
1

Қаралған саны:
68

   Конкурс туралы

Лауазымдық жауапкершілік:

Қоғамның слесарь санитарлық-техникалық жабдықтарды жөндеу жөніндегі 5-разрядты слесарьдың, СГЭ қызметіне қатысты құжаттарымен және құжат жобаларымен танысуға; Осы лауазымдық нұсқаулықта көзделген міндеттерге байланысты жұмысты жетілдіру жөніндегі, сондай-ақ бас энергетик қызметі мен Қоғам қызметін жалпы жақсарту жөніндегі ұсыныстарды басшылықтың қарауына енгізуге; Өз құзыреті шегінде қызмет барысында анықталған барлық сәйкессіздіктер туралы тікелей басшысына хабарлауға, оларды жою жөнінде ұсыныстар енгізуге не өз құзыреті шегінде тиісті шаралар қабылдауға; Лауазымдық міндеттерін, сондай-ақ (бар болған жағдайда) тікелей бағынысты қызметкерлердің міндеттерін орындауға жәрдемдесу мәселелері, қауіпсіз және өнімді еңбек жағдайларын жасау, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау талаптарын сақтау бойынша тікелей басшысына жүгінуге; Жұмыс берушіден жұмыс орны мен ұйым аумағының сипаттамасы, еңбек жағдайларының жай-күйі, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау, қолданыстағы кәсіби тәуекелдер, сондай-ақ зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік факторлардың әсерінен қорғау шаралары туралы шынайы ақпарат алуға; Құрылымдық бөлімшелер басшыларының жазбаша келісімімен, осы лауазымдық нұсқаулықта көзделген міндеттерді орындау үшін, егер оларды басқа бөлімшелердің қызметкерлерін тартусыз орындау мүмкін болмаған жағдайда, тиісті сабақтас бөлімшелердің қызметкерлерін тартуға; Қоғамның бекітілген бюджеті мен қаржылық мүмкіндіктері шегінде бөлім қызметін жақсартуға бағытталған қосымша оқыту бағдарламаларынан өтуге; Қазақстан Республикасының заңнамасын, жұмыс берушінің актілерін және Қоғамның өзге де бақылаудағы құжаттарын сақтай отырып, лауазымдық міндеттерін орындау үшін Қоғамның қолжетімді ресурстарын пайдалануға.

Білім:

Негізгі орта білім негізінде техникалық және кәсіптік білім

Дағдылар:

-

Қосымша:

Хлорлау, тұзсыздандыру, кремнийден тазарту, натрий-катиондау және әктеу сияқты негізгі химиялық процестерді түсіну. Суды тазарту процесінде қолданылатын әртүрлі химиялық реагенттердің қасиеттерін және қолдану ерекшеліктерін білу.

Білетін тілдер:

Қазақ және орыс тілдерін еркін меңгеру

Қажетті қабілеттер

  • -