Қоймашы

«Казақтүрікмұнай» ЖШС Ақтөбе қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 1 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Вахталық әдіс
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
10

Қаралған саны:
90

   Конкурс туралы

 

Талаптар

 

Білімі (жоғары, мамандығы/біліктілігі)

Орта немесе жоғары білім және арнайы оқу бойынша оқудан өткен 1С бағдарламасы: жер қойнауын пайдаланушылардың бухгалтериясы, редакция3,0 (1С:Кәсіпорын).

Оқу (біліктілігі)

Жүк көтергіш (электрокардың) машинисті куәлігі.

Мамандық бойынша жұмыс тәжірибесі

Кем дегенде 1 жыл

Басшылық лауазымдардағы жұмыс тәжірибесі

-

ҚМГ компаниялар тобында/мұнай-газ саласында жұмыс тәжірибесі

-

Тілдерді білу

Қазақ тілі, орыс тілі

Компьютерде жұмыс істеу дағдылары және бағдарламалық өнімдерді білу

1С, MC Word, Excel, Power Point, Adobe Acrobat

Лауазымдық міндеттерін орындау үшін қажетті білім:

1.      1. Қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздік қағидалары;

2.      2. Өрт-техникалық минимум ережелері

3.      3. Еңбек заңнамасының негіздері;

4.      4. Ұйымның ішкі еңбек тәртібі ережелері.

Осы лауазымдағы функционалдық міндеттері:

1) тауарды қабылдау және босату кезінде қоймашы 30.10.2020 ж. №359 бұйрығымен бекітілген «Қазақтүрікмұнай» ЖШС «ТМҚ қабылдау және босату жөніндегі Ережені» басшылыққа алады.

2) қойма алаңдарын неғұрлым ұтымды пайдалануды, қажетті тауар-материалдық құндылықтарды (бұдан әрі – ТМҚ) және негізгі құралдарды (бұдан әрі – НҚ) іздеуді жеңілдету мен жеделдетуді ескере отырып, тауар – материалдық құндылықтарды қабылдау, сақтау және босату, оларды орналастыру жөніндегі қойма жұмысына басшылық жасайды;

3) ілеспе құжаттар бойынша қабылданатын ТМҚ және НҚ сәйкестігін тексереді;

4) өнім беруші ұсынған қол қойылған шартқа сәйкес ТМҚ және НҚ-ны қабылдайды, жеткізілетін ТМҚ мен НҚ-ны Шарттың техникалық тапсырмасымен салыстырып тексереді;

5) жиналатын ТМҚ және НҚ сақталуын, сақтау режимдерінің, кіріс-шығыс құжаттарын ресімдеу және тапсыру қағидаларының сақталуын қамтамасыз етеді;

6) еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария және өртке қарсы қорғау қағидаларын сақтай отырып, қоймада тиеу-түсіру жұмыстарын жүргізуді ұйымдастырады;

7) қоймада тиеу-түсіру жұмыстарын жүргізу кезінде авто тиегішті басқарады;

8) алмалы-салмалы жүк қармау құрылғылары мен механизмдерін орнатады және ауыстырады;

9) автожүктегіште жұмыс істеу кезінде автожүктегіштің құрылғысын, көліктің барлық түрлерінде жүктерді тиеу, түсіру тәсілдерін, жүктерді көтеру, орнын ауыстыру және төсеу қағидаларын білуге және сақтауға тиіс;

10) тиегіштің техникалық қызмет көрсету мерзімділігін қадағалауға және қажет болған жағдайда бұл туралы жетекшілік ететін бөлімге хабарлауға міндетті.

11) паспортқа, дайындаушы зауыттың нұсқаулығына және тиеу-түсіру машиналарын пайдалану жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес автожүктегіштерді ұстауға және пайдалануға;

12) барлық байқалған ақаулар туралы машинаның техникалық жай-күйі туралы журналға тиісті жазба жасауға, жүк көтергіш машиналарды жарамды күйде ұстауға жауапты адамға хабарлауға және ақауларды жою жөнінде шаралар қолдануға;

13) автожүктегішті жөндеуге және тұрақтауға арналған үй-жайларды таза және тәртіппен ұстауға міндетті;

14) ұсынылған өтінімдерге сәйкес ЖЖМ (дизель отыны/ бензин) беруді, қызметтік автокөлік пен арнайы техниканы құюды, қорлардың ішкі тасымалына тиісті жүкқұжаттарды және басқа да есепке алу құжаттарын ресімдей отырып жүргізеді;

15) FIFO қағидатының сақталуын бақылайды (бірінші келген – бірінші пайдаланылған);

16) қойма шаруашылығы жұмысының тиімділігін арттыру, тиеу-түсіру операцияларына және ТМҚ мен НҚ сақтауға арналған шығыстарды қысқарту жөнінде ұсыныстар енгізеді және іс-шараларды жүзеге асырады;

17) белгіленген нысандар мен мерзімдер бойынша есептерді бухгалтерия мен МТҚжҚШБ-не жасайды және тапсырады;

18) ұрлық, жымқыру, жетіспеушілік және өзге де бұзушылықтар туралы материалдарды дайындауға қатысады;

19) қойма шаруашылығының үй-жайлары мен басқа да объектілерінің қауіпсіздігі, тазалығы, пайдаланылуы талаптарының орындалуын бақылайды;

20) үй-жайларды пайдалану жөніндегі талаптардың орындалуын бақылайды (авариялық және өрт шығу жолдары үшін тосқауылдардың болмауы, жабдықтарды орналастыру);

21) стеллаждар мен материалдардың жай-күйін тексереді;

22) қауіпсіздік тұрғысынан қоймада өртке қарсы жабдықтың тиісінше жұмыс істеуіне бақылау жүргізеді, оларға профилактикалық қызмет көрсету және уақтылы жөндеу қажет болған жағдайда тікелей басшылыққа жазбаша өтініш ресімдей отырып, қоймадағы үй-жайлардың, жабдықтар мен Мүкәммалдың жай-күйін бақылайды;

23) қойма операцияларының есебін жүргізеді, кіріс-шығыс құжаттарын ресімдеу және тапсыру қағидаларының сақталуын қамтамасыз етеді;

24) Серіктестіктің қоймаларында ТМҚ және НҚ түгендеу жүргізуге қатысады;

25) жүктерді және басқа да инфрақұрылым элементтерін сақтаудың тиісті санитарлық жағдайларын қолдайды;

26) қойма үй-жайларын, жабдықтарды, мүкәммалды уақтылы жөндеу жөнінде өтінім жібереді;

27) ТМҚ мен НҚ ұтымды жұмсалуына бақылау жүргізеді;

28) Қазақстан Республикасының Еңбек және қоршаған ортаны қорғау, өнеркәсіптік-санитарлық және өрт қауіпсіздігі, төтенше жағдайлардың алдын алу және азаматтық қорғаныс жөніндегі қолданыстағы заңнамалық және нормативтік актілерінің талаптарына сәйкес жұмыстарды орындайды;

29) Серіктестіктің еңбек тәртібі қағидаларын сақтайды;

30) Осы нұсқаулықтың 2.2-тармағында көрсетілген адамдардың тапсырмаларын және өз құзыретіндегі тапсырмаларды орындайды..