«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының – «Ақмола магистральдық желі бөлімшесі» филиалы Астана вокзалының дикторы

238984 - 253641
Вокзальное хозяйство Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: Тәжірибесіз Қызметкер болмаған кезде, Икемді кесте
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
9

Қаралған саны:
41

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттер:

диктор жұмысының регламентіне және вокзал жұмысының технологиялық процесіне, поездар кідіртілген (кешіккен) жағдайларда жолаушыларды уақтылы хабардар ету бойынша вокзал қызметкерлерінің іс-қимыл регламентіне сәйкес, сондай-ақ вокзал мен Филиал басшылығының тапсырмасы бойынша вокзал, филиал басшылығы бекіткен қатаң регламенттелген мәтіндерді хабарлауды жүргізеді.

поездар кідіртілген (кешіккен) жағдайларда жолаушыларды уақтылы хабардар ету бойынша вокзал қызметкерлерінің іс-қимыл регламентінің уақтылы орындалуын қамтамасыз етеді

хабарландыруды мемлекеттік және орыс тілдерінде, кластан тыс вокзалдарда – вокзал бастығының, Филиал басшылығының нұсқауы бойынша ағылшын тілінде тапсыруды мүлтіксіз қамтамасыз етеді

Біліктілік талаптары:

Жоғары, Теміржол көлігінде тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару; Теміржол көлігіндегі жүк және коммерциялық жұмыс; Көлік, көлік техникасы және технологиялары; Құрылыс (теміржол құрылысы, жол және жол шаруашылығы); көлік құрылысы; Стандарттау, метрология және сертификаттау; тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау; Құрылыс; Электр энергетикасы,  Инженерлік жүйелер, Маркетинг, Көлік, көлік техникасы және технологиясы, механикаландыру және автоматтандыру, психология, филология, туристік/қонақ үй дело.

Орта (техникалық және кәсіптік) Теміржол көлігінде тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару; Темір жол жылжымалы құрамын, пайдалану жөндеу және техникалық қызмет көрсету; Темір жолдар, темір жол құрылыстары құрылысы

Қосымша талаптар:

жұмыс өтіліне талаптар қойылмайды

Қажетті қабілеттер

  • диктор

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр

Міндетті түрде тілдерді білу

  • Қазақ тілі (Бастапқы)
  • Орыс тілі (Бастапқы)