Ақпараттық технологиялар департаментінің бас менеджері
«Samruk-Kazyna Construction» АҚ Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Міндеттері:
- Компанияның ИТ-инфрақұрылымы мен ақпараттық жүйелерінің үздіксіз жұмысын қамтамасыз етуге қатысу;
- Өз құзыреті шеңберінде серверлік, желілік және пайдаланушы жабдықтарын, корпоративтік қызметтер мен электрондық поштаны қолдау;
- Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және пайдаланушылардың қолжетімділігін басқару шараларына қатысу;
- Өз құзыреті шеңберінде өтініштер мен техникалық хат-хабарларды қарастыру, есептер мен қызметтік материалдарды дайындау;
- Компанияның бөлімшелерімен, мердігерлермен және жеткізушілермен ИТ-жүйелерді пайдалану және қолдау мәселелері бойынша өзара әрекеттесу;
- ИТ-инфрақұрылымын жаңғырту және дамыту, жаңа технологиялар мен қызметтерді енгізу жобаларына қатысу;
- Қажетті техникалық құжаттаманы және есептік материалдарды жүргізу;
Компанияның ішкі құжаттарына және ДИТ басшылығының тапсырмаларына сәйкес басқа міндеттерді орындау.
Талаптар:
- Жоғары техникалық білім;
- Ақпараттық технологиялар және/немесе ақпараттық қауіпсіздік саласында кемінде 3 жыл жұмыс тәжірибесі;
- Мемлекеттік және орыс тілдерін білу;
- Корпоративтік желілер архитектурасының жалпы түсінігі (L2/L3, VLAN, VPN);
- Желілік және қорғау жабдықтарымен (Fortinet қоса алғанда) жұмыс тәжірибесі;
- Серверлік ОС және қызметтерді (Windows Server, Linux, AD, виртуализация) әкімшілендіру тәжірибесі;
- RTO/RPO принциптері мен қалпына келтіру жоспарларын түсіну;
- Есептер мен регламенттік құжаттарды дайындау дағдылары.
Шарттар:
- РК ТК бойынша ресімдеу;
- Жұмыс кестесі 5/2;
- Әлеуметтік пакет;
- Тұрақты жалақы, мақсатты көрсеткіштерді орындау нәтижелері бойынша сыйлықақылар.