Бюджеттік ұйымдарға қызмет көрсету маманы ДКБ
«Қазақтелеком» АҚ Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 1 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Міндеттері:
1. клиенттердің қажеттіліктерін талдау, телекоммуникация саласындағы қызметтерді таныстыруды ұйымдастыру және өткізу, коммерциялық ұсыныстарды әзірлеу, клиенттермен сату процесін ұйымдастыру және орындау, сондай-ақ келісімшарттар мен қосымша келісімдер жасау туралы келіссөздер жүргізу, қол қойылған келісімшарттар бойынша міндеттемелердің орындалуын бақылау;2. барлық түрдегі шығындар/табыс сандарын есептеу;
3. клиенттерге көрсетілген қызметтер бойынша әрбір мемлекеттік органға түсіндірмесі бар қызметтер актілерін қалыптастыру;
4. клиенттер бойынша телекоммуникация қызметтері үшін дебиторлық берешекті өтеу процесін мониторингтеу;
5. келіп түскен шағымдарды, өтініштерді, клиенттердің арыздарын қарастыру, оларға жауаптар дайындау;
6. есепті кезеңге белгіленген табыс жоспарларын және кассалық жоспарды орындау;
7. клиенттер бойынша жеңілдіктерді рәсімдеу (АСС жүйесі), жеңілдікке өтінімдер қалыптастыру және жеңілдіктер бойынша бұйрықтарды рәсімдеу;
8. телекоммуникация қызметтері бойынша конкурс/тендер құжаттамасын зерттеу, оған қатысудың мақсаттылығын негіздеу, конкурс/тендерге қатысу үшін қажетті құжаттаманы дайындау, конкурс/тендерге қатысу және қорытындыларды мониторингтеу;
9. қосылу, қайта ұйымдастыру, блоктау, телекоммуникация қызметтерін қайта ашу, сондай-ақ клиенттерге қызмет параметрлерін өзгерту бойынша өтінімдерді қабылдау, тіркеу, өңдеу және бақылау, CRM Siebel жүйесінде белгіленген мерзімдерде;
10. CRM Siebel жүйесінен АСР БИТТЛ-ға тапсырыстарды уақтылы орындау және беру бойынша бақылауды жүзеге асыру.
Талаптар:
-жоғары білім-телекоммуникация саласында немесе мамандығы бойынша кемінде бір жыл жұмыс тәжірибесі