"Ақтау халықаралық теңіз сауда порты" Ұлттық компаниясы" Акционерлік қоғамы технигі
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.
-
Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.
Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.
-
Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- мүдделер қақтығысы туралы декларация;
- үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
- үміткер анкетасы.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.
Лауазымдық міндеттер:
– РТК және ВТИП талаптарына сәйкес жүк көтергіш жабдықтың, жүк қармау құрылғылары мен ыдыстың жарамды күйін және дұрыс пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырады;– жүк көтергіш жабдықты, жүк қармау құрылғылары мен ыдысты бригада звеносының бригадиріне қолхат арқылы жұмысқа береді және қабылдап алады;
– жүк көтергіш жабдықтың, жүк қармау құрылғылары мен ыдыстың зақымдануларын анықтауға бағытталған тексеру жүргізеді;
– жүк көтергіш жабдықты, жүк қармау құрылғылары мен ыдысты таңбалауды жүзеге асырады;
– жүк көтергіш жабдықты, жүк қармау құрылғылары мен ыдысты жөндеу жұмыстарын жүргізуге қатысады;
– жүк көтергіш жабдық пен жүк қармау құрылғыларын сынақтан өткізуге қатысады;
– қойма алаңдарында белгілеу (разметка) жұмыстарын жүргізуге қатысады;
– «АММТП» ҰК» АҚ айлақтарының соққы сөндіргіш құрылғыларының жай-күйіне күнделікті тексеру жүргізеді, швартов тумбаларының таңбалануын қадағалайды және соққы сөндіргіш құрылғылардың жағдайы туралы ПРК шеберіне хабарлайды;
– айлақтардың соққы сөндіргіш құрылғыларын жөндеу жұмыстарын жүргізуге қатысады.
Біліктілік талаптары:
Білімі:
орта, орта арнаулы білім, келесі мамандықтар бойынша: жүк көтергіш жабдықтың, жүк қармау құрылғылары мен ыдыстың жарамды күйін және тиісінше пайдаланылуын оларды тұрақты бақылау мен тексеру арқылы қамтамасыз ету.
Жұмыс өтілі:
еңбек өтіліне талап қойылмайды.
Қосымша талаптар:
Құзыреттері:
– аса ауыр және бірегей ірі габаритті жүктерді қайта тиеуге арналған күрделі және тәжірибелік алынбалы жүк қармау құрылғыларының (ГЗҚ) құрылысы мен конструктивтік ерекшеліктері;
– жүктердің массасына, габариттеріне және строптау тәсілдеріне байланысты арқан бұйымдарының беріктігін есептеу қағидалары;
– ыдыстың және жүк орындарын ірілендіру құралдарының жарамдылығын анықтау тәртібі;
– жазатайым оқиғалар кезінде зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсету қағидалары;
– жеке және ұжымдық қорғаныс құралдары және оларды қолдану тәртібі;
– еңбекті қорғау, өндірістік санитария, өрт және экологиялық қауіпсіздік талаптары.
Дағдылары:
– жүк көтергіш жабдықты, жүк қармау құрылғыларын және ыдысты жөндеу;
– жүк көтергіш жабдық пен жүк қармау құрылғыларына сынақ жүргізу;
– бастапқы өрт сөндіру құралдарын және жеке қорғаныс құралдарын қолдану.
Қажетті білім дәрежесі
- Орташа білім
- Техникалық және кәсіптік білім беру