Жобалық кеңсенің жоба үйлестірушісі

“Qazaq Green Power PLC” қоғамдық компаниясы Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 5 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Ішкі іздеу
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
3

Қаралған саны:
89

   Конкурс туралы

Міндеттері:

  • Жобаларды тиімді, уақтылы және шығындары аз түрде іске асыруды қамтамасыз етеді;

  • Компания мен еншілес ұйымдардың жобаларын құрылымдауды, жобаларды іске асыруды, жобаларды іске асырудың инвестиция алдындағы және инвестициялық кезеңдерін (ИИС, Басқарма, Инвестициялық комитет, Директорлар кеңесі және т.б.) мақұлдау жөніндегі корпоративтік рәсімдерді қоса алғанда, жобаларды басқару саласында жұмысты жүзеге асырады;

  • Арнайы жобалау ұйымдарын тарта отырып, жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін (ТЭН) әзірлеуді ұйымдастырады;

  • Жобалар бойынша шығындар тізбесін және шығындар жоспарын қалыптастыруды қамтамасыз етеді;

  • Компания жобаларын қаржыландыруды ұйымдастыру және инвестицияларды тарту мәселелері бойынша инвесторлармен, қаржы институттарымен, кеңесшілермен келіссөздер мен кездесулерді ұйымдастырады және қатысады;

  • Халықаралық қаржы институттарының қаражаты есебінен іске асырылатын жобалар бойынша заңнаманың, халықаралық қаржы ұйымдарының нормалары мен ережелерінің, сондай-ақ жобалар жөніндегі келісімдердің талаптарының сақталуын қамтамасыз етеді;

  • Жобалардың Компания мен Қоғамның инвестициялық саясаты мен Стратегиясының талаптарына сәйкестігін бақылайды және қамтамасыз етеді;

  • Жобаларды бағалау және іске асыру бойынша жұмыстарды орындау кезінде сыртқы кеңесшілермен жұмысты ұйымдастырады;

  • Капиталдық жобаларды анықтау және басымдықтарын айқындау арқылы Капиталдық жобалар қосалқы портфелін қалыптастыру және жобалар бойынша қабылданған шешімдердің орындалуын қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;

  • Капиталдық жобаларды іске асыруға байланысты жұмыстарды орындау кезінде акционермен, серіктестермен, мердігерлермен, кредиторлармен, мемлекеттік және уәкілетті органдармен, сыртқы кеңесшілермен өзара іс-қимыл жасайды;

  • Инвестициялық саясат пен инвестициялық бағдарламаларды іске асыруға бағытталған іс-шараларды жүзеге асырады;

  • Компанияның даму стратегиясын, Қоғамның инновациялық-технологиялық стратегиясын, Қоғам мен еншілес ұйымдардың инвестициялық бағдарламасын, Компания мен еншілес ұйымдардың даму жоспарын өз құзыреті шегінде әзірлеуге және іске асыруға қатысады;

  • Капиталдық жобалар бойынша қаржылық үлгілерді уақтылы келісуді, қалыптастыруды және мониторинг жүргізуді қамтамасыз етеді;

  • Жобаларды іске асыруға бағытталған іс-шараларды жүзеге асырады;

  • Компанияның Жобалар мен іс-шаралар портфелін басқару жөніндегі іс-шараларды, соның ішінде Портфель мен іс-шараларды қалыптастыру, теңгерімдеу, уәкілетті органдардың қарауына уақтылы енгізу, іске асыру барысын бақылау және Портфельге өзгерістер енгізу рәсімдерін жүзеге асырады;

  • Еншілес ұйымдардан және қосалқы портфельдерге жауапты құрылымдық бөлімшелерден келіп түскен Портфель/Қосалқы портфель компоненттері бойынша материалдардың Компанияның ішкі нормативтік құжаттарының талаптарына сәйкестігін тексереді;

  • Даму шығындарына арналған ақшалай қаражаттардың жалпы көлемін қалыптастыру және болжамдық қаражаттарды қосалқы портфельдер арасында бөлу бойынша жұмысты жүзеге асырады;

  • Жобалар мен іс-шаралар портфелі бойынша жоспарланған көрсеткіштердің орындалуын мониторингтеу және талдау жұмыстарын жүргізеді;

  • Жобалар мен іс-шаралар портфелінің жай-күйі туралы тоқсан сайынғы/жарты жылдық мониторингтік есептерді қалыптастыру бойынша жұмысты жүзеге асырады;

  • Жобаларды және Портфельді басқарудың әдістемелік базасын өзектендіруді қамтамасыз етеді.

    Талаптар:

  • Жоғары кәсіби білім (экономикалық, қаржылық, техникалық);
  • Жобаларды басқару саласында халықаралық кәсіби сертификаттардың (PMBOK, РМА, IPMA) болуы құпталады;
  • Жалпы еңбек өтілі кемінде 5 (бес) жыл; кәсіби қызмет бейініне сәйкес салада кемінде 3 (үш) жыл практикалық жұмыс тәжірибесі болуы тиіс;
  • Халықаралық қаржы институттарының/ұйымдарының қатысуымен инвестициялық жобаларды іске асыру және басқару тәжірибесі;
  • Жобаларды қаржылық модельдеу және құрылымдау және/немесе жобаларды құқықтық сүйемелдеу тәжірибесі;
  • Инвестициялық жобаларды іске асыру мәселелері бойынша акционермен, мемлекеттік және уәкілетті органдармен өзара іс-қимыл тәжірибесі;
  • Жобаларды басқару процестерін автоматтандыру тәжірибесі;
  • Қызмет бейініне сәйкес заңнаманы, сондай-ақ тиісті салалардағы нормалар мен қағидаларды білу;
  • Ағылшын тілін білу;
  • Іскерлік хат алмасу дағдылары;
  • Келіссөздер жүргізу дағдылары (сендіру қабілеті, өзара тиімді шешімдерге бағдарлану) және коммуникациялық дағдылар (жоғары басшылық өкілдерімен қарым-қатынас жасау қабілеті);
  • Коммуникативтік және презентациялық дағдылар.