Сатып алу департаментінің санатты басқару тобының менеджері
Лауазымдық міндеттері:
1) Қордың сатып алу санаттық стратегиясын әзірлеуге және өзектендіруге қатысады;
2) өткен кезеңдердегі шығындар мен сұраныс факторлары бойынша ақпарат жинауды, ішкі нарықты зерделеуді, әлеуетті өнім берушілерді зерделеуді қоса алғанда, ішкі ортаға талдау жүргізеді;
3) сыртқы нарықты зерделеуді, әлеуетті өнім берушілерді зерделеуді, бағаларды салыстырмалы талдауды қоса алғанда, сыртқы ортаға талдау жүргізеді;
4) сатып алу тәсілін, өнім берушіні таңдау критерийлерін айқындауды қоса алғанда, санаттарды басқару тәсілдерін айқындайды;
5) сатып алу санаттық стратегиясын енгізу және орындау мониторингін жүзеге асырады;
6) өнім берушілер қызметінің нәтижелерін бағалау өлшемшарттарын әзірлейді;
7) Өнім берушілер қызметінің тиімділігін басқару процесінің орындалуын және нәтижелерін бақылайды;
8) әлеуетті өнім берушілердің ұсыныстарын бағалауға қатысады;
9) әлеуетті өнім берушілермен келіссөздер жүргізеді, талаптарды нақтылайды;
10) сатып алу туралы шарттардың жобаларын дайындауға қатысады (өзгерістер мен ұзартуды қоса алғанда);
11) әлеуетті өнім берушілерді іріктеу жөнінде ұсыныстар әзірлейді;
12) өнім берушілер қызметінің тиімділігін басқару шеңберінде Өнім беруші қызметінің нәтижелерін ұдайы бақылайды;
13) нысаналы көрсеткіштермен салыстырғанда сатып алу категориялық стратегиясын іске асырудың экономикалық әсерін қадағалайды;
14) сатып алу категориялық стратегиясындағы өзгерістерге бақылау жүргізеді;
15) нарық конъюнктурасын зерделейді және болашақта ұсынылатын сатып алу категориялық стратегиясын іске асыруға, нарықтағы жағдайға және жеткізушілермен өзара қарым-қатынасқа әсер етуі мүмкін қазіргі уақытта бар факторларды айқындайды;
16) қорды сатып алудың әрбір санаты үшін оңтайлы сатып алу санаттық стратегиясын іске асыру үшін әрбір нарыққа оның сыни және ТЖҚ құны бойынша зерттеулер жүргізеді;
17) қорға сатып алу санаттық стратегиясының нәтижелері мен орындалу барысы туралы есеп дайындайды;
18) өнім берушілердің пайдалы іс-әрекет коэффициентін орындау бойынша статистика жүргізу;
19) өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ИД құрылымдық бөлімшелерімен, "КЕGОС" АҚ филиалдарымен, басқа да бақылаушы және уәкілетті органдармен, қоғамдық бірлестіктермен қызметтік хат алмасуды жүзеге асырады;
20) Қордың сатып алу санаттық стратегиялары әзірленген тауарлар бойынша баға маркетингін жүзеге асырады;
21) "KEGOC" АҚ, "Энергоинформ"АҚ құрамына кірген сатып алу санатты топтары мүшелерінің жұмысын үйлестіреді;
22) біліктілік өлшемшарттарын әзірлеу және бекіту шеңберінде білікті әлеуетті өнім берушілерді іріктеу жөніндегі жұмыс топтары мүшелерінің жұмысын үйлестіреді;
23) сатып алу категориялық стратегиясын іске асырудың алынған экономикалық әсерін қаржы блогымен келіседі;
24) сатып алу санаттық стратегияларының жобаларын санаттық Комитеттің қарауына шығарады;
25) "KEGOC"АҚ ИД құрылымдық бөлімшелерінің тауарларын, жұмыстары мен қызметтерін сатып алуға бастамашы болған құжаттарын қабылдауды жүзеге асырады;
26) "KEGOC" АҚ-да өткізілетін тендерлік комиссиялардың хатшысы ретінде сатып алу жөніндегі тендерлерге қатысуды жүзеге асырады;
27) тендерлік құжаттаманың жобасын, тендерлік, сараптамалық комиссиялардың құрамын, тендерлік комиссиялардың хатшысын, тендерлік құжаттаманы бекіту және ашық тендер өткізу туралы бұйрықтың жобасын дайындауды және бұйрықтың жобасын келісуді жүзеге асырады;
28) тендерлік құжаттамаға өзгерістер енгізу үшін қажетті құжаттардың жобаларын дайындауды "Самұрық-Қазына" АҚ-ның сатып алу саласындағы нормативтік құжаттарында көзделген тиісті хаттамаларды ресімдеуді және келісуді жүзеге асырады;
29) тендер жеңімпазын хабардар етеді;
30) ұсынылған құжаттардың сатып алу үшін негізге және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкестігі тұрғысынан қарайды және сатып алуды бір көзден алу тәсілімен жүзеге асыру туралы бұйрықтар қалыптастырады, оларды мүдделі құрылымдық бөлімшелермен келіседі және Тапсырыс берушінің атқарушы органының басшысы немесе ол уәкілеттік берген өзге де тұлға қол қояды;
31) әлеуетті өнім беруші тендерлік өтінімді қамтамасыз етуді енгізген қайтару рәсімін "KEGOC"АҚ-ның қаржылық тәртібіне сәйкес тендерлік құжаттамада көзделген тәсілмен және шарттармен ұйымдастыруды жүзеге асырады.
Талаптар:
- Жоғары, бағыты бойынша: Құқықтану / экономика / маркетинг / Қаржы / Есеп және аудит
- Сатып алуды талдау/жабдықтау/ логистика/сатып алу мониторингі/шарттарды жүргізуді құқықтық қамтамасыз ету саласында кемінде 3 жыл жұмыс тәжірибесі
- MS Office қуатты пайдаланушысы;
- Интернет ресурстарын пайдалану;
- Қазақ, орыс тілдерін білу.
Міндеттерді орындау үшін қажетті дағдылар:
- Сатып алу туралы заңнаманы білу, Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларын бағдарлай және дұрыс қолдана білу;
- Сатып алуды ұйымдастыру және өткізу мәселелерінде теориялық және практикалық дайындық;
- Сатып алу саласындағы заңнама мен стандарттарды білу;
- Тендерлік сатып алу рәсімдерін ұйымдастыру және өткізу тәжірибесі;
- "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ саясатын және Компанияның сатып алу саласындағы ішкі нормативтік құжаттарын білу;
- Кәсіпқойлық (адалдық, объективтілік және кәсіби этика қағидаттарын қатаң сақтау).
Түйіндемені қабылдау 2025 жылғы 7 қарашаға дейінгі мерзімде (қоса алғанда) жүзеге асырылады.
Қажетті қабілеттер
- - организация процесса участия в государственных закупках;
Ұқсас вакансиялар