"Жолаушылар тасымалы" АҚ "Жолаушылар тасымалы"АҚ бухгалтерлік есеп департаментінің бас бухгалтері
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.
-
Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.
Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.
-
Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- мүдделер қақтығысы туралы декларация;
- үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
- үміткер анкетасы.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.
Лауазымдық міндеттер:
- «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне және «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Бухгалтерлік есеп департаментіне жүктелген міндеттер мен функциялардың орындалуын қамтамасыз ету мақсатында «Жолаушылар тасымалы» АҚ-да салық және бухгалтерлік есепті ұйымдастыру бойынша «Жолаушылар тасымалы» АҚ қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады.
- ... Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес, Бухгалтерлік есеп департаментіне жүктелген міндеттер мен функциялардың орындалуын қамтамасыз ету мақсатында келісімшарттардың жасалуын және орындалуын қамтамасыз етеді және Бухгалтерлік есеп департаментіне жүктелген келісімшарттар бойынша міндеттемелердің орындалуын бақылайды.
- «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Бухгалтерлік есеп департаментіне жүктелген міндеттер мен функциялардың орындалуын қамтамасыз ету мақсатында «Жолаушылар тасымалы» АҚ мен оның еншілес компанияларының бөлек және шоғырландырылған қаржылық есептіліктерін аудиттеу аясында сыртқы және ішкі аудиторлармен жұмысты үйлестіреді.
- Тікелей бағыныштылардың жұмысын қалыптастыруды және бағалауды қамтамасыз етеді; Тағайындауларды үйлестіреді, кәсіби дамуды қамтамасыз етеді және бағыныштылардың мотивациясы мен өнімділігін үнемі жақсарту және бизнес мақсаттарына жету үшін қажетті жағдайларды жасау және қолдау үшін адами ресурстарды тиімді пайдалануды қамтамасыз етеді.
- Департаменттің мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізуге әсер ететін тәуекелдердің сипаттамасын және бағалауын үйлестіреді, сондай-ақ тәуекелдер картасын және тәуекелдерді басқару үшін қажетті басқа құжаттарды жедел жаңартып отырады.
- Тәуекелдерді басқару шараларын/бақылау рәсімдерін әзірлеуді және енгізуді ұйымдастырады, олардың тиімділігін талдайды және осы шараларды/бақылау рәсімдерін жетілдіреді. Негізгі тәуекел көрсеткіштері мен тәуекел шектерін бақылайды, ауытқулардың түпкі себептерін анықтайды және мүдделі тараптарды жоғары тәуекел деңгейлері туралы хабардар етеді.
Біліктілік талаптары:
- Білімі: Жоғары
- Мамандығы: Бухгалтерлік есеп және аудит, қаржы және экономика.
- Тәжірибесі: Тиісті салада: кемінде 7 жыл, Басшылық лауазымда: кемінде 4 жыл.
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Маман
- Магистр