"ҚТЖ- Жүк тасымалы» ЖШС - "ЖТ Ақмола бөлімшесі" филиалы Саумалколь 3 класса станциясының тасымалдау құжаттарын тасымалдау жөніндегі операторы

от 204316
Акмолинское отделение магистральной сети Ақмола облысы
Қажетті жұмыс тәжірибесі: Тәжірибесіз Еңбекпен толық қамтылу, Ауысым кестесі
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
3

Қаралған саны:
273

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттер:

  • күніне 08 45 те және түнде 20 45 те ауысымға арналған жұмыс жлспарымен, келіп түскен жеделхатармен танысу үшін, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша нысаналы нұсқама алу үшін планер кеңесіне қатысуға міндетті
  • кезекшілікке кірген кезде есепті тәуілікке арналған жұмыс жоспарымен, өз құзыреті саласындағы қолданыстағы бұйрықтармен станцияда вагондардың болуымен танысады
  • поезд келгеннен кейін осы поезға тасымалдау құжаттарының тиесілігін паеттің бечеваның және ДУ-81 бақылау бланкісінің тұтастығын тексереді, поездың нақты құрамымен телефонограмманы салыстырып тексереді поезға арналған құжаттардың бар-жоғын және жай-күйін тексереді
  • станция мекенжайына келген вагондарға тасымалдау құжаттарын іріктейді жергілікті вагондарға тасымалдау құжаттарында келу күні мен уақытын қояды, жүу құжаттарын тауар кассасына тапсыру кітабына жазуды жүзеге асырады
  • әскерилендірілген күзет қызметкеріне станцияға шығарылған келгендердің жүктері туралы хабарлады және журналға тіркеп, кейіннен ХУ-5 с нысанындағы жүутерді күзетке тапсыру кітабына ВОХР қызметкерлерінің қолын қояды
  • станциялық жолдарда вагондардың болуы мен орналасуының тұрақты есебін жүргізеді
  • қауіпті тез бқзылатын, габаритті емес жүктері бар және станция бойынша тасталған пойызы бар транзиттік тиелген вагондар осы тәулікте Е-телеграмм арқылы және телеграф арқылы (КЗХ шегінен тыс) жөнелту станциясына, межелі станцияға жедел забарлау НОДГПМ-1 көшірмесі
  • станцияда қауіпті габаритті емес тез бұзылатын жүтерді жеткізу мерзімі өтіп кеткен вагондардың, басқа әкімшіліктің вагондарының ьолуы туралы деректерді жүргізеді және оларды станция бойынша кезекшіге береді, сондай-ақ арнайы құрамның және ерекше мақсаттағы қауіпті жүутері габаритті емес және қауіпті жүктерібар вагондардың ілгерілеуін қадағалайды, бұл туралы станция бойынша кезекшіге уақтыы хабарлайды
  • жұмыс істемейтін парк вагондарын есепке алуды вагон шаруашылығы қызметкерлері техникалық ақаулы вагондарға ВУ-23 және ВУ-36 нысанындағы хабарламаны көрсеткен кезде
  • 6 разрядты тасымалдау құжаттарын өңдеу жөніндегі аға оператормен бірлесіп құжаттарын немесе құжаттары жоқ вагондар табылған кезде себептерін алып тастайды жне оларды жөнелтуге шаралар қабылдайды

Біліктілік талаптары:

Білімі; жоғары, орта (кәсіби және техникалық)
Мамандығы; теміржол көлігінде тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару
Жұмыс тәжірибесі: еңбек өтіліне талап қойылмай

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Орташа білім
  • Колледж

Міндетті түрде тілдерді білу

  • Қазақ тілі (Орташа)
  • Орыс тілі (Озат)