«Әскерилендірілген теміржол күзеті» ЖШС Түркістан филиалының Түркістан станциясындағы атқыштар командасының бастығы

от 357016
Туркестанский филиал ТОО «Военизированная железнодорожная охрана» Түркістан облысы
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 1 жылдан 3 жылға дейін Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
5

Қаралған саны:
177

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттер:

  • Атқыштар командасының  жұмысын ұйымдастыруға, жүктер мен объектілерді қорғауды қамтамасыз етуге дербес жауапты болу;
  • күзетшілердің жұмыс уақытын ұтымды пайдалану, тәуліктік ведомостар мен маршруттық парақтарды есепке алу мен талдауды жүргізу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру және бақылау;
  • ауысымдық топқа жеке құрамды тағайындау және нұсқама жүргізу. Нұсқау беру кезінде жаңа ауысым тобының құрамының қызметтік міндеттерін, қызметтік қару мен арнайы құралдарды алып жүру, сақтау және қолдану ережелерін, қауіпсіздік ережелері туралы білімін тексеру.
  • Серіктестік пен филиалдың іс-шаралар жоспарларын орындау бойынша жұмысты ұйымдастыру, олардың уақтылы орындалуын бақылау;
  • 5)еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау,  атқыштар командасының қызметкерлерінің жүктерді және объектілерді күзету кезінде қауіпсіздік талаптарын сақтауы жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;
  • атқыштар командасының жеке құрамы арасында өндірістік жарақаттанудың және жазатайым оқиғалардың алдын алу жөнінде қажетті шаралар қабылдау, жазатайым оқиғалардың мән-жайлары мен себептерін тергеуге және қарауға қатысу.
  • Тасымалданатын номенклатуралық жүктердің сақталмау жағдайларын тергеп-тексеруді ұйымдастыру, сақталмаған тасымалдарға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау, құқық қорғау органдарымен және теміржол көлігі қызметкерлерімен бірлесіп сақталмаған тасымалдарды жою және оларға жол бермеу жөніндегі іс-шараларды белгілеу және жүргізу.
  • қызмет көрсетілетін учаскенің ерекшеліктерін, ондағы жедел жағдайды, ұрлыққа неғұрлым бейім орындарды білу, күзетілетін объектілерден жүктерді және ТМҚ ұрлауға жол бермеу бойынша алдын алу шараларын әзірлеу. Қажет болған жағдайда күзетшілер қызметін тексеру және тасымалданатын жүктердің сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты ұйымдастыру үшін желілік станцияларға шығуға;       
  • атқыштар командасының күзетшілерінің кәсіптік даярлау бойынша сабақтарды ұйымдастыру жоспарының орындалуын қамтамасыз ету, оқытуға басшылық жасау және сабақтарды жеке өзі өткізу, ауысымдық атқыштар топтарының бастықтарына сабақтарға дайындалуға және нұсқамалар өткізуге көмек көрсету, жеке құрамның лауазымдық міндеттерін, сондай-ақ практикалық дағдыларын тексеруді жүзеге асыру;
  • атқыштар командасының жеке құрамының жыл сайынғы біліктілікті арттырудан (қайта даярлаудан), мерзімді медициналық тексеруден, ауысым алдындағы күнделікті медициналық куәландырудан сапалы өтуін, күнделікті нұсқама жүргізуін ұйымдастыру

Біліктілік талаптары:

  • Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі)
  • Мамандығы: Құқықтану; Құқықтану; әскери басқару; Әскери іс және қауіпсіздік; құқық қорғау қызметі; Көлік, көлік техникасы және технологиялары (Вагондар және вагон шаруашылығы); Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану;
  • Темір жол көлігінде тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару; Темір жолдардың жылжымалы құрамын пайдалану, жөндеу және техникалық қызмет көрсету (түрлері бойынша); локомотивтер және локомотив шаруашылығы; электр және электромеханикалық жабдық; құрылыс; тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау; өрт қауіпсіздігі; Электротехника (Радиотехника, электроника және телекоммуникация); Автоматтандыру және басқару; ақпараттық жүйелер
  • Жұмыс тәжірибесі: ұйымның бейініне сәйкес мамандығы бойынша немесе теміржол көлігінде күзет қызметін ұйымдастыру қызметінде кемінде 3 жыл

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр