Екібастұз қ. "KEGOC" АҚ "Солтүстік ЖЭТ" филиалының Қосалқы станциялар қызметінің 1-санатты инженері

354900 - 354900 KZT
«KEGOC» АҚ Екібастұз қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 5 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
13

Қаралған саны:
689

   Конкурс туралы
Міндеттері: 

«KEGOC» АҚ электр желілері объектілеріне жөндеулердің жүргізілуін жоспарлау, дайындығын ұйымдастыру және жүргізу қағидаларына,  пайдалану жұмыстарын жоспарлау және жүргізу қағидаларына сәйкес қосалқы станция жабдықтарына жөндеу алды диагностикасын жүргізуге, қосалқы станция жабдықтарын профилактикалық-жөндеу жұмыстарының (бұдан әрі – ПЖЖ) жоспарын қалыптастыруға қатысады.

        2) Филиалдың қосалқы станцияларын қайта құрылымдауға, инвестициялық бағдарламалар және жабдықтарын жаңғырту жөнінде ұсыныстар әзірлеуге қатысады; 

  3) жаңғырту жобасы, инвестициялық бағдарламалар және қосалқы станцияларды қайта құрылымдау бойынша жеткізілетін жабдықтардың келіп түсуіне бақылауды жүзеге асырады;

  4)  қосалқы станцияларда жобалар, инвестициялық бағдарламалар, қайта құрылымдау бойынша жұмыстарды жүргізу кестесінің сақталуына бақылау жүргізеді;

  5)  өндірістік-техникалық қызметпен (бұдан әрі - ӨТҚ) бірлесіп, тұтынушыларды Филиал желілеріне қосуға техникалық шарттар беру жөніндегі ұсыныстарды дайындауға, сонымен қатар тұтынушыларды Филиал желілеріне қосу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыруға қатысады;

6) техникалық құжаттамаға өзгерістер мен толықтыруларды уақтылы енгізеді;

7) өзге де негізгі құралдарға техникалық қызмет көрсету үшін жиынтық жылдық өтінімдер мен қосалқы бөлшектер мен материалдарға қажеттілік тізімдемелерін жасайды;

8) жыл ішінде өзге де негізгі құралдарға техникалық қызмет көрсету жоспарларының орындалуын, мерзімдерді ауыстырудың уақтылы ресімделуін және олардың орындалуы жөніндегі есептердің белгіленген мерзімде ұсынылуын бақылайды;

9) тоқсандарға бөле отырып және жылдық бюджетті қалыптастыруға Филиалдың Өндірістік-техникалық қызметіне (бұдан әрі - ӨТҚ) бере отырып, белгіленген нысан бойынша Филиалдың өзге де негізгі құралдарына техникалық қызмет көрсетудің жылдық жоспар-көлемін қалыптастырады;

      10) «Plant Maintenance» модулінде System Analysis and Program Development Enterprise Resource Planning автоматтандырылған басқару жүйесінде (бұдан әрі «РM» модуліндегі «SAP ERP») өзге негізгі құралдарға орындалған техникалық қызмет көрсету бойынша Филиалдың құрылымдық бөлімшелерінен ай сайын бастапқы есептік құжаттаманы қабылдауды жүзеге асырады;

      11) қосалқы станциялар жабдықтарын пайдалану жөніндегі нұсқаулықтарды әзірлейді, өзгерістер енгізеді, келіседі және белгіленген тәртіппен бекітуге ұсынады;

12) қосалқы станциялар жабдықтарының сенімділігін арттыру, күзгі-қысқы кезеңдегі ең жоғары жүктемелерге, су тасқыны мен найзағай маусымына дайындалу жөніндегі іс-шараларды әзірлеуге қатысады;

13) қосалқы станциялық жабдықтар бөлігіндегі Қызметтің құзыретіне кіретін есептілік және техникалық және ақпараттық сипаттағы мәселелер бойынша «KEGOC» АҚ департаменттерімен өзара байланысты жүзеге асырады;

14)  қосалқы станциялардың жабдықтарына пайдалану жұмыстарын жүргізуге арналған технологиялық карталарды әзірлейді;

15) «Plant Maintenance» модулінде System Analysis and Program Development Enterprise Resource Planning автоматтандырылған басқару жүйесінде (бұдан әрі «РM» модуліндегі «SAP ERP») өзге негізгі құралдарға орындалған техникалық қызмет көрсету бойынша Филиалдың құрылымдық бөлімшелерінен ай сайын бастапқы есептік құжаттаманы қабылдауды жүзеге асырады;

16) ай сайын есепті айдан кейінгі айдың 15-күніне белгіленген нысан бойынша Пайдалану департаментіне (бұдан әрі - ПД) Филиалдың қосалқы станцияларына қызмет көрсетуге арналған трансформаторлық және компрессорлық майдың жұмсалуы бойынша есепті қалыптастырады;

17) Филиалдың қоймасына келіп түсетін жабдықтарды қабылдауды жүргізеді;

18) ҚС жабдықтарындағы жұмыстардың және өндірістік сипаттағы бөгде ұйымдардың қызметтерінің орындалуын тексеру үшін Филиалдың қосалқы станцияларына (бұдан әрі - ҚС) шығуды жүзеге асырады;

19) Филиал басшылығын еңбекті қорғау жөніндегі ережелер мен нормаларды өрескел бұзу, «КЕGОС» АҚ мен Филиалдың нормативтік және өкімдік құжаттарының талаптарын орындамау жағдайлары туралы хабардар етеді;

20) өз қызметін жүзеге асыру кезінде Қызмет қолданатын құжаттардың тізбесін әзірлейді;

21) материалдық құндылықтарға түгендеу жүргізуге қатысады.

Талаптар:
Білім деңгейі-жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім;
Білім беру профилі-Электрэнергетика;
Жұмыс тәжірибесі (бейіні) - инженер лауазымында кемінде 5 жыл жұмыс өтілі.

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр
  • Ғылым кандидаты
  • Ғылым докторы