1-2 разрядты қоймашы Сынау орталығы № 47-05-08/7252 от 07.10.2025 2 ед. г. Усть-Каменогорск

«Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ Өскемен қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: Тәжірибесіз Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
0

Қаралған саны:
360

   Конкурс туралы

Лауазымдық жауапкершілік:

1-разрядты қоймашы білуі тиіс: - сақталатын материалдық құндылықтардың номенклатурасы, сұрыптамасы және ассортименті, олардың қасиеттері мен мақсаты; - жұмыс құралын, аспаптарды, құрылғылардың жұмысқа жарамдылығын тексеру тәсілдері; - заттарды, өнімдер мен шикізатты түсіру, тиеу және қоймада сақтау кезінде бүлінуден қорғау тәсілдері; - қызметтік үй-жайлардың материалдарын сақтау мен күтіп-ұстаудың өртке қарсы қауіпсіздік қағидалары; - улы, өрт және жарылыс қаупі бар материалдарды, отын мен майлау заттарын сақтау және өткізу кезінде еңбекті қорғау қағидалары. Қоймашы тиісті 1-разрядты біліміне қойылатын талаптардан басқа 2-разрядты қосымша білуі тиіс: - қойма шаруашылығын жүргізу ережелері; - қоймадағы материалдық құндылықтарды есепке алу, сақтау, жылжыту қағидалары және оларға ілеспе құжаттарды ресімдеу қағидалары; - технологиялық құжаттар бойынша әртүрлі материалдық құндылықтардың партияларды жинақтау ережесі; - қойма өлшеу құралын, құралдарды, механизмдерді қолдану ережесі және олардың жұмысқа жарамдылығын тексеру тәсілдері; - түгендеу жүргізу ережесі; - қызметтік орынжайлардың материалдарын сақтау және орнын ауыстыру және күтіп-ұстау өрт қауіпсіздігі қағидалары. 1,2-разряд бойынша аталған білімдерден басқа талаптарды білуі тиіс: - «ҮМЗ» АҚ қолданылатын өнеркәсіптік қауіпсіздік, еңбекті қорғау, өндірістік санитария, өрт қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі нормативтік актілердің талаптары; - «ҮМЗ» АҚ-да жұмыс істейтін менеджмент жүйесінің талаптары; - «ҮМЗ» АҚ еңбек тәртібі ережесі; - еңбек заңнамасының негіздері; - өндіріс экономикасының негіздері; - зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсету ережелері.

Білім:

Жалпы орта білімнен төмен емес

Дағдылар:

1-разрядты қоймашы орындай білуі тиіс: - әр түрлі материалдық құндылықтарды қоймаға қабылдау, өлшеу, сақтау және қоймадан беру: отын, шикізат, жартылай фабрикаттар, дайын өнім, бөлшектер, құралдар, заттар және т. б.; - қабылданатын құндылықтардың ілеспе құжатпен сәйкестігін тексеру; - материалдық құндылықтарды сақтау орындарына қолмен немесе штабельдер мен басқа механизмдердің көмегімен олардың түрлері, сапасы, мақсаты және басқа да белгілер бойынша орналастыра отырып (сұрыптай отырып) жылжыту; - материалдар мен өнімдерді олардың бүлінуі мен жоғалуын болдырмау мақсатында сақтауды ұйымдастыру; - материалдық құндылықтардың сақталуын қамтамасыз ету. Қоймашы тиісті 1-разрядты білімге қойылатын талаптардан басқа 2-разрядты қосымша білуі тиіс: - жүктерді тиеу, түсіру және оларды қойма ішіне орналастыру бойынша жұмыстарға басшылық жасау; - тұтынушылардың өтінімдері бойынша материалдық құндылықтар партиясын жинақтау; - бұзылған құралдарға, аспаптарға және т.б. ақауы бар ведомостарды, оларды жөндеуге және есептен шығаруға, сондай-ақ материалдардың жетіспеуі мен бүлінуіне актілерді қарап-тексеру және жасау; - қоймада сақталатын материалдық құндылықтардың болуын есепке алу және олардың қозғалысы бойынша есепті құжаттаманы жүргізу; - түгендеу жүргізуге қатысу.

Қосымша:

Жұмыс және демалыс режимі: бес күндік жұмыс аптасы кезінде 07:30 бастап 16:30 дейін, демалыс күндері сенбі және жексенбі Болжамды еңбек ақы мөлшері: 1-разряд – 98 300 теңгеден бастап 217 767 теңгеге дейін 2-разряд – 117 960 теңгеден бастап 261 321 теңгеге дейін Тағылымдама - белгіленбейді (тиісті біліктілігі және/немесе кәсібі бойынша жұмыс тәжірибесі жоқ жұмыскерді қабылдаған жағдайда); - кемінде 10 жұмыс ауысымы мерзіміне белгіленеді (біліктілігі және/немесе тиісті құжаттармен расталған кәсібі бойынша жұмыс тәжірибесі бар жұмыскерді қабылдаған жағдайда)

Білетін тілдер:

-