Өндірістік бақылау, еңбек қорғау және қоршаған ортаны қорғау қызметінің бас маманы (негізгі қызметкердің жұмыста болмаған уақытына)
"QAZAQGAZ AIMAQ" АҚ Шымкент өндірістік филиалы Шымкент қ.Міндеттері:
3.1 Өндірістік міндеттері
3.1.1 Филиалдың құрылымдық бөлімшелерінде еңбек қорғау және техникалық қауіпсіздік бойынша заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілердің сақталуын бақылауды жүзеге асыру, өндірістік жарақаттанудың, кәсіби және өндірістік шартталған аурулардың алдын алу бойынша профилактикалық жұмыстар жүргізу, кәсіпорында денсаулыққа қолайлы және қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау шараларын ұйымдастыру.
3.1.2 Ғимараттар мен құрылыстардың техникалық жағдайын тексеру, еңбек жағдайларын жұмыс орындарында зерделеу, қауіпті және зиянды өндірістік факторлардың параметрлерін өлшеу жұмыстарын ұйымдастыру, еңбек қорғау талаптарына сәйкестігін бағалау үшін жұмыс орындары мен өндірістік жабдықтарды аттестациялау. Жоспарланған іс-шаралардың еңбек қорғау және техникалық қауіпсіздік бойынша нормативтік-құқықтық актілер талаптарына сәйкестігін, желдету жүйелерін, санитарлық-тұрмыстық үй-жайлардың жағдайын, жұмыскерлердің жеке қорғаныс құралдарын уақтылы жүргізілуін бақылау.
3.1.3 Филиал басшылығына қолданыстағы мемлекеттік техникалық қауіпсіздік ережелері мен нормалары, сондай-ақ ішкі нормалар мен техникалық қауіпсіздік ережелері бойынша кеңес беру.
3.1.4 Филиалда қабылданған техникалық қауіпсіздік жүйесін өзгерту мүмкіндігі, жаңа жабдықтар мен құралдардың, өндірістік операциялардың техникалық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі жөнінде қорытынды дайындау.
3.1.5 Филиалдың өндірістік және техникалық бөлімшелерінің техникалық қауіпсіздік жүйесін құру және қолдау жөніндегі жұмысын үйлестіру.
3.1.6 Қабылданатын жұмыскерлерге техникалық қауіпсіздік бойынша нұсқама жүргізуді ұйымдастыру.
3.1.7 Кәсіпорынның басшылық және жұмысшы құрамымен қауіпсіздік нормаларын оқыту бойынша арнайы сабақтар өткізу.
3.1.8 Филиалдағы техникалық қауіпсіздік жағдайын талдау, түзету іс-шараларының жоспарын әзірлеу, олардың орындалу мерзімдерін белгілеу және өткізілуін үйлестіру.
3.1.9 Мемлекеттік қадағалау органдарының нұсқамаларының орындалуын, қолданыстағы техникалық қауіпсіздік нормалары мен ережелерінің сақталуын бақылау.
3.1.10 Техникалық қауіпсіздік бұзушылықтарын анықтау бойынша іс-шаралар кешенін әзірлеу, бұзушылықтарды анықтау, талдау және оларды жою бойынша нұсқаулар беру.
3.1.11 Жазатайым оқиғаларды қарауға және олардың алдын алу жөніндегі шараларды әзірлеуге қатысу.
3.1.12 Мемлекеттік қадағалау органдарының нұсқамаларының орындалуын, еңбек қорғау және техникалық қауіпсіздік бойынша қолданыстағы нормалар, ережелер мен нұсқаулықтардың сақталуын бақылау.
3.1.13 Еңбек қорғау және техникалық қауіпсіздік жағдайын, жұмыс орындарының санитарлық-гигиеналық жағдайын тексеру жөніндегі комиссиялардың жұмысына, өндірістегі жазатайым оқиғаларды, төтенше жағдайларды тергеп-тексеруге қатысу.
3.1.14 Филиал басшылығына әдістемелік көмек көрсету және міндетті алдын ала және мерзімдік медициналық тексерулерден өтуге тиіс жұмыскерлердің тізімдерін жасауға бақылау жүргізу.
3.1.15 Филиал жұмыскерлеріне кіріспе, қайталама нұсқама жүргізу, еңбек қорғау бойынша оқыту және білімін тексеруді жүзеге асыру.
3.1.16 Өндірістік жұмыс орындарын аттестациялауға қатысу.
3.1.17 Филиалда жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеруді ұйымдастыру, комиссия жұмысына қатысу, тергеу жүргізуге қажетті жағдайларды жасау, тергеуге қатысу (сызбалар, оқиға карталары, сауалнамалар, өлшемдер жүргізу, журналдардан үзінділер, нұсқамалар дайындау).
3.1.18 Мемлекеттік қадағалау органдарында, соттарда жазатайым оқиғаларға қатысты істерді қарау кезінде Филиал мүддесін ұсыну, қажетті түсініктемелер мен құжаттарды беру.
3.1.19 Атқарылған жұмыстар туралы есептер дайындау.
3.1.20 Бөлім істерінің номенклатурасын жасау, істерді қалыптастыру, архивке өткізу.
Талаптар:
2.1.1 Тиісті мамандық бойынша жоғары білім және еңбек қауіпсіздігі мен қорғау инженері қызметінде кемінде 3 жыл жұмыс өтілі болуы.
2.1.2 Арнайы білімі болуы. ӨӨҚ, ЕҚжҚОБ басты маманы қауіпті өндірістік нысандардағы өнеркәсіптік қауіпсіздік бойынша білімін тексеру туралы куәліктерге, ҚР «Азаматтық қорғау туралы» Заңы мен өрт қауіпсіздігі бойынша өрт-техникалық минимум көлемінде куәлікке, сондай-ақ еңбек қауіпсіздігі және қорғау мәселелері бойынша сертификатқа ие болуы тиіс.
Кәсіби дағдылары мен білімдері:
2.2.1 ӨӨҚ, ЕҚжҚОБ басты маманы өз қызметінде келесі құжаттарды білуге және басшылыққа алуға тиіс:
-
Қазақстан Республикасының Конституциясы;
-
Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі;
-
Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі;
-
Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексі;
-
Қазақстан Республикасының «Газ және газбен жабдықтау туралы» Заңы;
-
Қазақстан Республикасының «Азаматтық қорғау туралы» Заңы;
-
ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңы;
-
ҚР Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 9 қазандағы №673 бұйрығымен бекітілген газбен жабдықтау жүйелерінің объектілерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар;
-
Тұрғын үйлердегі табиғи газбен жабдықтау жүйелерін техникалық пайдалану ережелері;
-
ҚР Инвестициялар және даму министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы №358 бұйрығымен бекітілген қысыммен жұмыс істейтін жабдықтарды пайдалану кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік қағидалары;
-
МСН 4.03-01-2003 «Газ тарату жүйелері»;
-
СН РК 4.03-01-2011 «Газ тарату жүйелері»;
-
«QazaqGaz» ҰК» АҚ Корпоративтік этика және мінез-құлық кодексі (24.05.2023 ж. №11 хаттамамен бекітілген);
-
«QazaqGaz Aimaq» АҚ мүдделер қайшылығын анықтау және реттеу саясаты (24.06.2024 ж. №5 хаттама, 3-т.) бекітілген;
-
ISO 9001, ISO 45001, ISO 14001, ISO 31000, ISO 50001 халықаралық стандарттарының талаптары;
-
EFQM Модельі: іргелі тұжырымдамалар, критерийлер және RADAR логикасы;
-
Қоғамның сапа, денсаулық пен еңбек қауіпсіздігін қорғау, қоршаған ортаны қорғау, энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру, тәуекелдерді басқару саласындағы саясаты мен мақсаттары (2023 ж. 06 сәуірдегі №31 бұйрықпен бекітілген);
-
«QazaqGaz Aimaq» АҚ сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты (24.06.2024 ж. №5 хаттама, 4-т. бекітілген);
-
Интеграцияланған менеджмент жүйесінің ішкі реттеуші құжаттамасы (Интеграцияланған менеджмент жүйесі жөніндегі басшылық, үдерістер картасы, құжатталған рәсімдер және т.б.);
-
еңбек қорғау, өрт қауіпсіздігі және өндірістік санитария нормалары мен ережелері, еңбек қорғау бойынша ішкі нұсқаулықтар;
-
қызмет туралы ереже және осы лауазымдық нұсқаулық.
Қажетті қабілеттер
- - Навыки работы в режиме мультизадачности.
- навыки аналитической обработки данных; • коммуникационные навыки;
- Навыки делового письма и делового общения
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Маман
- Магистр
Ұқсас вакансиялар