«ҚМГ Инжиниринг» ЖШС тексеру комиссиясының төрағасы
ҚМГ Инжиниринг Астана қ.
Талаптар |
|
Лауазымдық нұсқаулық бойынша біліктілік талаптары |
Талап етілетін біліктілік |
Білімі (жоғары, мамандығы/ біліктілігі) |
Келесілер болуы тиіс: 1) Қазақстан Республикасы аудиторының куәлігі; 2) бухгалтерлік есеп және аудит, және/немесе қаржы, және/немесе экономика және/немесе құқықтану салаларындағы жоғары кәсіптік білімінің және қосымша арнайы даярлығының; 3) қосымша арнайы дайындық бөлігінде мынадай сертификаттардың біреуінің болуы міндетті: - CIA сертификаты (Certified Internal Auditor); - ACCA сертификаты (Association of Certified Chartered Accountants); - CIPA сертификаты (Certified International Professional Accountant); - CPA сертификаты (Certified Public Accountant); - DipIFR дипломы (Diploma in International Financial Reporting); - DipCPIA дипломы (Certified Professional Internal Auditor); - CFE сертификаты (Certified Fraud Examiner).
MBA немесе экономика/қаржы магистрі дәрежесінің болғаны жөн. |
Кәсіби саладағы жұмыс өтілі |
Ішкі аудит және/немесе сыртқы аудит саласында және/немесе ішкі аудит, тәуекелдерді басқару және үлкен төрттік халықаралық аудиторлық компанияларды корпоративтік басқару және/немесе бухгалтерлік есеп және/немесе қаржы бойынша консультациялық қызметтер көрсету саласында жұмыс тәжірибесі – 10 жылдан кем емес |
Лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін ұлттық және/немесе халықаралық компанияларда және/немесе салаларда бейін бойынша жұмыс өтілі |
Кем дегенде 10 жыл |
Басшы лауазымдардағы жұмыс өтілі |
Ішкі аудит саласында кемінде 5 жыл басқару тәжірибесі |
Лауазымдық міндеттерін орындау үшін қажетті білім: |
|
1. Ішкі аудит саласындағы кәсіби білім, бухгалтерлік есеп және халықаралық қаржылық есептілік стандарттары, жергілікті есеп және есептілік стандарттары саласындағы терең білім, сондай-ақ қаржы жүйелерімен жұмыс істей білу (мысалы, 1С, SAP). 2. Аудиторлық қызметті, оның ішінде бухгалтерлік есеп, салық салу мәселелерін реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу. 3. Ішкі аудит стандарттарын, оның ішінде Халықаралық ішкі аудиторлар Институты жариялаған ресми кәсіби жағдайды білу, ол көптеген мәселелер бойынша ішкі аудитке, сондай-ақ ішкі аудит қызметін бағалауға қойылатын талаптарды белгілейді. 4. Халықаралық ішкі аудиторлар Институтының (IIA) этика кодексін, оның ішінде ішкі аудиттің кәсібі мен практикасына қатысты принциптерді және тексеру комиссиясының мүшелерінен күтілетін мінез-құлықты сипаттайтын мінез-құлық ережелерін білу және түсіну. 5. Ішкі аудиттің озық технологиялары мен құралдарын, тәуекелдерді бақылау және басқару жүйелерін бағалау әдістемесін меңгеру. 6. Менеджмент, экономика, коммерциялық құқық, ақпараттық технологиялар, тәуекелдерді басқару, сандық талдау әдістері және алаяқтықты анықтау әдістерін түсіну. 7. Мемлекеттік және шет тілдерін меңгеру (мүмкіндігінше).
|
|
Міндеттерді орындау үшін қажетті дағдылар: |
|
- Ішкі аудит, тәуекелдерді басқару және корпоративтік басқару, бухгалтерлік есеп және қаржы саласындағы жұмыс дағдылары. - Серіктестік бизнесіне және оның қаржылық есептілігіне тәуекел факторларының болуы мен әсерін бағалай білу. - Ішкі аудиттің озық технологиялары мен құралдарын, тәуекелдерді бақылау және басқару жүйелерін бағалау әдістемесін меңгеру. - Команданы басқару және тапсырмаларды бөлу қабілеті. - Ауызша және жазбаша қарым-қатынас дағдылары, нәтижелерді ұсына білу. - Логикалық ойлау қабілеті, ақпаратты терең талдау және күрделі процестерді түсіну. - Өз уақытын және тексеру комиссиясының міндеттерін тиімді басқара білу. |
|
Осы лауазымдағы функционалдық міндеттері: |
|
Тексеру комиссиясы Төрағасының міндеттері мен жауапкершілігіне келесілер кіреді: – «ҚМГ Инжиниринг» ЖШС Тексеру комиссиясы туралы Ережеге сәйкес Тексеру комиссиясына жүктелген функциялар мен міндеттерді уақтылы және сапалы орындау; – халықаралық ішкі аудиторлар Институтының (IIA) өз қызметіндегі жұмысқа кәсібилік және кәсіби қатынас стандарттарын және этика кодексін сақтау; – «ҚМГ Инжиниринг» ЖШС Тексеру комиссиясы туралы Ережеде қарастырылған қызметті шектеу шарттарын сақтау; – Тексеру комиссиясын тиімді басқару және оның стандарттарда белгіленген тиімділік пен пайдалылық өлшемдеріне сәйкес «ҚМГ Инжинринг» ЖШС үшін пайдалылығын қамтамасыз ету; – Тексеру комиссиясының қызметін жоспарлау және жұмысын ұйымдастыру, тексеру комиссиясының тәуекелге бағдарланған жылдық аудиторлық жоспарын уақтылы жасауды қамтамасыз ету, оның орындалуын бақылау және уақтылы түзету. Жылдық аудиторлық жоспар тәуекелдерді бағалау негізінде әзірленеді және «ҚМГ Инжинринг» ЖШС тәуекелдерді бағалаудың жалпы бағдарламасының шеңберінде анықталған негізгі тәуекелдермен келісіледі; – Тексеру комиссиясының қызметін реттейтін құжаттарды, оның ішінде ішкі аудиттің сапасын қамтамасыз ету және арттыру бағдарламасын, ішкі аудит жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды және тексеру комиссиясының қызметіне қатысты басқа да құжаттарды әзірлеуді қамтамасыз ету; – Тексеру комиссиясы есептерінің ішкі аудитті ұйымдастыру бойынша ішкі нормативтік құжаттардың және стандарттардың талаптарына сәйкестігін қамтамасыз ету; – Тексеру комиссиясы туралы Ережеде белгіленген мерзімде Тексеру комиссиясының есептерін Серіктестіктің Жалғыз қатысушысына бекітуге ұсынуды қамтамасыз ету; – Тексеру комиссиясы туралы Ережеде белгіленген мерзімдерде ҚМГ ІАҚ өз қызметі туралы тоқсан сайынғы есепті ұсынуды қамтамасыз ету; – Тексеру комиссиясының қызметін жоспарлау және жүзеге асыру барысында Тексеру комиссиясының немесе оның жекелеген мүшелерінің тарапынан ықтимал және бар мүдделер қақтығысын және аудит объектісіне біржақты көзқарасты болдырмауға бағытталған ұйымдастыру іс-шараларын жүзеге асыру; – дұрыс қамтуды қамтамасыз ету және қосарланған жұмысты барынша азайту мақсатында тексеру комиссиясының қызметін кепілдіктер мен консультациялар беру бойынша қызметтер көрсететін басқа ішкі және сыртқы Тараптармен ақпарат алмасу және үйлестіру; – Тексеру комиссиясының мақсаттарына қол жеткізу үшін оның міндеттері мен функцияларының өзектілігін мерзімді бағалау (жылына кемінде бір рет); – Тексеру комиссиясы мүшелерінің ішкі аудит саласындағы кәсіби құзыреттілік деңгейін арттыру жөнінде шараларды қабылдау; – Жалғыз қатысушыға оның толықтығы мен дәлдігі тұрғысынан ұсынылатын ақпаратты талдауды қамтамасыз ету; – Тексеру комиссиясының мүдделері қақтығысы немесе құқықтары мен өкілеттіктерін шектеу түрінде көрінетін ішкі аудитордың тәуелсіздігін және/немесе объективтілігін бұзудың бар болуына немесе ықтимал мүмкіндігіне байланысты кез келген жағдайлар туралы Жалғыз қатысушыны уақтылы хабардар етуді қамтамасыз ету. |
|
Ерекше шарттар |
|
|
|
|
|
|
Ұқсас вакансиялар


