«Әскерилендірілген теміржол күзеті» ЖШС Ақмола филиалының диспетчерлік қызмет бөлімінің диспетчері

от 362475
Акмолинский филиал ТОО «Военизированная железнодорожная охрана» Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 1 жылдан 3 жылға дейін Еңбекпен толық қамтылу, Ауысым кестесі
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
5

Қаралған саны:
42

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттер:

  • Серіктестіктің ішкі құжаттарының белгіленген нысандары мен талаптарына сәйкес жедел ақпаратты жинауды, дайындауды және уақтылы ұсынуды жүзеге асырады;
  • қызмет көрсетілетін учаскелерде жүктерді әскерилендірілген күзетпен және теміржол көлігінің стационарлық объектілерін күзетумен қамтамасыз ету бойынша СК/СГ, МГОР/ММГОР тәуліктік нарядтарының күштері мен құралдарының орналасуына мониторингті жүзеге асырады;
  • барлық күзетілетін бақылаудағы жүктердің өтуіне, күзетілетін жүктерге және стационарлық объектілерге қылмыстық қол сұғу жағдайларына (пломбалардың үзілуі, жүктердің және мүліктің ұрлануы), темір жолдағы басқа да оқиғаларға (өндірістік жарақаттану, жазатайым оқиғалар, заңсыз жол жүру, соққылар, шұғыл тежеу және т.б.) мониторингті жүзеге асырады;
  • тасымалданатын жүкті ұрлау (пломбалардың, оның ішінде кедендік пломбаның жоғалуы (үзілуі)), қызмет көрсетілетін учаскелердің аумағы бойынша вагондар/контейнерлер жүріп бара жатқанда жүктердің сақталмаған тасымалы анықталған жағдайлардың белгілері бар коммерциялық ақауларға жасалған жалпы нысандағы актілер бойынша бастапқы ақпарат жинауды (қысқаша сюжет, фото және видео тіркеу және т.б.) жүзеге асырады;
  • кезекшілік кезінде келіп түскен серіктестік басшылығының нұсқауларын, факсограммаларын, бұйрықтары мен өкімдерін филиалдардың диспетчерлері арқылы серіктестіктің қызмет көрсетілетін филиалдарының басшылығына жеткізеді;
  • серіктестіктің орталық аппаратының диспетчеріне және диспетчерлік қызмет бөлімінің бастығына жедел жағдай бойынша баяндайды;
  • күзетілетін объектілерде дайындалған немесе жасалған барлық оқиғалар мен қылмыстар туралы, Теміржол көлігіндегі террористік актінің қаупі туралы ақпарат алған кезде серіктестіктің басшылығы мен қызметкерлеріне, сондай-ақ тиісті органдарға хабарлау жүйесіне сәйкес ақпарат хабарлайды;
  • Ақмола бөлімшесі – Петропавл, Қостанай бөлімшесі-Қарталы, Павлодар бөлімшесі-Құлунда мемлекетаралық түйісу пункттері (МГСП) бойынша жиынтық ақпаратты қалыптастырады;
  • локомотивсіз қалған поездар бойынша бақылау жүргізеді, оларды күзету жөніндегі жұмысты алдын ала ұйымдастырады;
  • тәуліктік нарядтармен қызмет атқаруды ұйымдастыру мәселелері бойынша қызмет көрсетілетін филиалдардың, СК/СГ, МГОР/ММГОР басшылары жүргізетін тексерулер, анықталған бұзушылықтар саны және олардың сипаты туралы ақпаратты тіркейді;
  • РҚАО-3 диспетчерлерінен жоспарланған технологиялық "терезелер" туралы ақпарат алады, поездарды локомотивсіз қалдыру мүмкін болған кезде күштерді бөлуді жоспарлайды.

Біліктілік талаптары:

  • Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі)
  • Мамандығы: Құқықтану; Құқықтану; әскери басқару; әскери іс және қауіпсіздік; құқық қорғау қызметі; Көлік, көлік техникасы және технологиялары (Вагондар және вагон шаруашылығы); Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану; темір жол көлігінде тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару; Темір жолдардың жылжымалы құрамын пайдалану, жөндеу және техникалық қызмет көрсету (түрлері бойынша); тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау; өрт қауіпсіздігі; Электротехника (Радиотехника, электроника және телекоммуникация); көліктік энергетикалық қондырғыларды пайдалану; Локомотив және локомотив шаруашылығы. Автоматтандыру және басқару; Ақпараттық жүйелер
  • Жұмыс тәжірибесі: темір жол көлігінде күзет қызметін ұйымдастыру жөніндегі қызметте кемінде 2 жыл, оның ішінде аға күзетші, күзетші (көмекші), күзетші лауазымдарында не поездар қозғалысына байланысты лауазымдарда кемінде 2 жыл / темір жол көлігінде күзет қызметін ұйымдастыру жөніндегі қызметте кемінде 3 жыл, оның ішінде оның ішінде аға күзетші, күзетші (көмекші), күзетші лауазымдарында не поездар қозғалысына байланысты лауазымдарда кемінде 3 жыл.

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр