Өрт байланысы орталық пунктінің диспетчері Өрт сөндіру пойыздары Семей магистральдық желі бөлімшесі ҚТЖ "ҰК"АҚ -"Магистральдық желі дирекциясы" филиалы

от 267935
Семейское отделение магистральной сети Шығыс Қазақстан облысы
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
3

Қаралған саны:
26

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттер:

Өрт пойыздарының орналасқан жерін, тактикалық және техникалық мүмкіндіктерін, өртке қарсы пойыздардың өрт-техникалық жарақтандырылуын, қызмет көрсету аймағы мен өрт пойыздарын, өртке қарсы пойыздарға су құю станцияларын, ең өрт қауіпті объектілер мен станцияларды, кезекшілік күніндегі жедел жағдайды білу.
Бөлім басшылығымен күн сайын және жедел-қызметтік есептілік құжаттамасының мерзімдеріне сәйкес Астана ҚАЖД диспетчерлерінің нұсқауы бойынша уақытылы техникалық қызмет көрсету;
Өртке қарсы пойыздардың өрт орнына, төтенше жағдайларға уақтылы жөнелтiлуiн және жүрiп-тұруын ДНКО арқылы бақылау;
Өртке қарсы қызмет органдарының қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілердің талаптарын, өрт қауіпсіздігі стандарттарын білу;
Өрт поездары бастықтарының орналасқан жерін білу және бақылау

Біліктілік талаптары:

Білімі: орта (техникалық және кәсіптік), өрт қауіпсіздігі аумағында арнайы оқу орталығында арнайы дайындық
Саладағы мамандық: Өрт қауіпсіздігі; Темір жол көлігінде тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару;Темір жол жылжымалы құраманы пайдалану, жөндеу және техникалық қызмет көрсету; Автоматтандыру және басқару; Автоматика, телемеханика және темір жол көлігінде қозғалысты басқару; Темір жол құрылысы, жол және жол шаруашылығы, Электрмен жабдықтау,  Көлік, көлік техникасы және технологиялары.
Еңбек өтілі: 3 жылдан кем емес

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Орташа білім
  • Техникалық және кәсіптік білім беру
  • Колледж