Электрмеханик (электрмен жабдықтау ауданы) Қоскөл станциясының электрмен жабдықтау ауданы, 2-топ учаскесі, 3-сынып ст. Жезқазған электрмен жабдықтау қашықтығы "ҚТЖ "ҰК" АҚ - "Магистральдық желі дирекциясы"филиалы магистральдық желінің Қарағанды бөлімшесі

328286 - 347796
Жезказганская дистанция электроснабжения Жезқазған қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 2 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
1

Қаралған саны:
29

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттер:

- жылдық жоспарға сәйкес КТП, ТП, ЦРП, әуе және кабельдік электр беру желілерінің жабдықтарын ағымдағы ұстау және жөндеу бойынша жұмыстарға басшылық жасау және тікелей орындау;
- қауіпсіздік техникасы қағидаларын сақтау бойынша электромонтерлерге жұмыс жүргізуге нарядтар, өкімдер беру және нұсқау беру;
- Еңбек және орындаушылық тәртіпті, ішкі еңбек тәртібі қағидаларын және жұмыс режимін сақтау; бөлімше шекараларында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі және өндірістік санитария талаптарын сақтау;
- жұмыс орнында Электромонтерлер бригадасының жұмысын ұйымдастыру, нұсқау беру және жұмыстарды жүргізуге арналған өкімге, нарядқа, энергия диспетчерінің бұйрығына сәйкес, белгіленген технологияға және қауіпсіздік техникасы қағидаларына сәйкес жұмысқа жеке қатысу;
- Электромонтерлер мен басқа да қызметкерлердің қауіпсіздік техникасы мен жұмыс өндіру технологиясының ережелерін сақтауын қадағалауды қамтамасыз ету;
- белгіленген техникалық құжаттаманы және есептілікті жүргізу;
-
барлық санаттағы тұтынушыларды есепке алу аспаптарынан көрсеткіштер жинау, коммерциялық есепке алу кешендерін қосу схемасын тексеру, пломбалардың болуы және тұтастығы, абоненттердің эл беру және тарату саласындағы пээ, ПУ, ПТЭ және т.б. нормативтік актілерді сақтауын тексеру. пээ, ПУЭ бұзушылықтар актілерін жасау және беру және олардың орындалуын бақылау;
- жұмыс орындарында және технологиялық процестерде кез келген тәуекелдерді болдырмау және т. б.



Біліктілік талаптары:

Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі), орта техникалық, орта кәсіптік. Теміржол көлігіндегі Электр энергетикасы; электр энергетикасы; автоматтандыру және басқару; салалар бойынша электр және электромеханикалық жабдықтар; электр және электромеханикалық жабдықтарды техникалық пайдалану, қызмет көрсету және жөндеу
Мамандығы: Электр энергетикасы
Жұмыс тәжірибесі: еңбек өтіліне талап қойылмай, кемінде 2 жыл

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Техникалық және кәсіптік білім беру
  • Колледж