"Теміржолсу-Кзыл-Орда" ЖШС Арал ст. электрмонтер

ТОО "Теміржолсу-Кзыл-Орда" Қызылорда облысы
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 1 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
0

Қаралған саны:
26

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттер:

электр өзі жазатын және электрондық аспаптарға қызмет көрсету, баптау және реттеу;

- электроникасы бар игнитрондық дәнекерлеу аппараттарына, ультрадыбыстық, электрондық, электр импульстік қондырғыларға, ерекше күрделі қашықтықтан қорғауға, резервті автоматты қосу құрылғыларына, сондай-ақ транзисторлық және логикалық элементтерде жартылай өткізгіш қондырғыларды қолдана отырып, күрделі схемаларға қызмет көрсету және баптау;

- кернеуі 15 кВ жоғары түрлі типтегі электр машиналары мен электр аппараттарын бөлшектеу, күрделі жөндеу, құрастыру, орнату және орталықтандыру;

- жоғары вольтты кәбіл желілеріндегі күрделі эпоксидті шеткі бөлшектер, сондай-ақ мыс және алюминий кәбілдер арасындағы жалғағыш муфталарды монтаждау;

- күрделі жөндеуден кейін түрлі қуаттағы электр қозғалтқыштарын, электр аппараттары мен трансформаторларды кешенді сынау;

- өлшеу трансформаторларының дәлдік сыныптарын тексеру;

- қысыммен маймен немесе газбен толтырылған арнайы құбырлардағы кабельді желілерді жөндеу, монтаждау және бөлшектеу бойынша жұмыстарды орындау;

- технологиялық жабдықтың жауапты, ерекше күрделі, эксперименттік схемаларын, автоматты желілердің күрделі электр схемаларын, сондай-ақ жауапты және эксперименттік электр машиналарын, электр аппараттарын, электр аспаптарын және бірегей және дәлме-дәл металл өңдеу жабдығының электр схемаларын баптау, жөндеу және реттеу;
- жөнделген электр жабдықтарын пайдалануға беруге дайындау.

Қажетті білім дәрежесі

  • Орташа білім
  • Техникалық және кәсіптік білім беру
  • Колледж