Материалдық-техникалық жабдықтау және көлік басқармасының қойма меңгерушісі
"Алатау Жарық Компаниясы" акционерлік қоғамы филиалы - "Энергосбыт" Алматы қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Міндеттері
Қойма меңгерушісінің міндеттеріне:
- материалдар мен жабдықтарды қабылдауды, оларды сұрыптауды және орналастыруды жүзеге асыру.
- материалдар мен жабдықтарды ұтымды сақтауды, ішкі тасымалдауды, қаптаманы және пайдалануға дайындауды қамтамасыз ету.
- материалдар мен жабдықтарды жеткізу жоспарлары мен шарттарын келісу.
- материалдар мен жабдықтардың есебін жүргізу және олардың сақталуын қамтамасыз ету.
- карточкаларды, қойма кітаптарын, тізімдемелерді, кіріс және шығыс жүкқұжаттарын, қоймадағы материалдар мен жабдықтардың келуін, шығысын, бар-жоғын, қалдықтарын есепке алу бойынша ордерлер жасау.
- құжаттама (актілер, мәліметтер, анықтамалар және т.б.) жасау, материалдар мен жабдықтардың бүлінгені туралы хат алмасу.
- қоймада бос орынның болуы туралы ақпарат бере отырып, материалдар мен жабдықтарды сатып алу жөніндегі қызметті үйлестіру.
- материалдық-техникалық ресурстарды қабылдау кезінде олардың сапасын, санын, толықтығын бақылау.
- материалдар мен жабдықтардың қоймада жинақы орналастыруды қамтамасыз ету.
- қоймадағы материалдар мен жабдықтардың көлемі туралы, қойма үй-жайларының жүктемесі туралы есептер жасау.
- өртке қарсы құралдардың болуын және олардың жарамдылығын, қоймадағы үй-жайлардың, жабдықтар мен құрал-саймандардың жай-күйін қадағалау, сондай-ақ қажет болған жағдайда оларды уақтылы жөндеуді қамтамасыз ету.
- еңбекті қорғау жөніндегі нормалар мен нұсқаулықтарды сақтай отырып, қоймада тиеу-түсіру жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыру.
- тауарлық-материалдық құндылықтарға түгендеу жүргізуге қатысу.
- қойма бойынша құжаттардың түпнұсқаларын сақтауды жүзеге асыру кіреді.
Талаптар
Қойма меңгерушісінің жоғары техникалық/кәсіптік және/немесе орта білімнен кейінгі (арнаулы орта, орта кәсіптік) білімі, жұмыс өтілі кемінде 3 жыл болуы тиіс.
Шарттары
Қалыпты