Жобалау-құрылыс департаментінің бас менеджері – жоба жетекшісі

«Samruk-Kazyna Construction» АҚ Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 5 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Ішкі іздеу
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
1

Қаралған саны:
261

   Конкурс туралы

Міндеттері:

  • жобаларды бекітілген мерзімдерде және келісімшарттардағы белгіленген бюджет шеңберінде жүзеге асыруды бақылау;
  • жобалардың жоспарланған көрсеткіштеріне қол жеткізу;
  • нормативтік құжаттарға сәйкес жобалар бойынша қызметті басқару;
  • жобалар қатысушыларының өзара әрекеттесу ережелерін орнату;
  • жобаның барлық кезеңдерінде жұмыс топтарын құру - жоспарлау, орындау және жабу;
  • орындалған жұмыстардың сметалық құжаттамасына, нормативтік құжаттарға сәйкес орындалған көлемдер мен құнды тексеру;
  • құрылыс объектілері бойынша орындаушы құжаттаманың жүргізілуін және болуын бақылау;
  • жобалық шешімдерді түзету кезінде сметалық құжаттамада өзгерістер енгізудің дұрыстығын бақылау;
  • құрылыс барысында туындайтын жобалық шешімдердің өзгерістерін қарастыру және келісу, қажет болған жағдайда материалдарды, бұйымдарды, конструкцияларды ауыстыру мәселелерін жедел шешу;
  • бекітілген хаттамалық шешімдер негізінде орындаушы сметалық құжаттаманы бекітілген сметалық құжаттамаға сәйкес келтіру;
  • Департаменттің функциялары шеңберінде тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесінің тиімді жұмысын қамтамасыз ету;
  • Департаменттің құзыретіне қатысты нормативтік құқықтық актілер жобаларын әзірлеуге қатысу;
  • Департаменттің құзыретіне қатысты заңды және жеке тұлғалардың өтініштерін қарастыруды қамтамасыз ету;
  • Департаменттің қызметіне қатысты есептер, анықтамалар, хаттар және басқа құжаттарды дайындау;
  • еңбек және орындаушылық тәртіпті, ішкі еңбек тәртібі мен жұмыс режимінің ережелерін сақтау;
  • осы Лауазымдық нұсқаулықта көзделген еңбек міндеттерін сапалы және уақтылы орындау;
  • басшылықтың тапсырмаларын, бұйрықтар мен басқару органдарының шешімдерін сапалы және уақтылы орындау;
  • Қоғамның беделін және имиджін нығайтуға жәрдемдесу;
  • банктік, қызметтік, коммерциялық және басқа да заңмен қорғалатын құпия ақпараттарды құпия сақтау;
  • жұмыс орнында қауіпсіздік және еңбек қорғау, өрт қауіпсіздігі және өндірістік санитария талаптарын сақтау;
  • қабылданған моральдық-этикалық нормаларға сәйкес іскерлік этика мен корпоративтік мәдениет нормаларын сақтау;
  • кәсіби қасиеттерді жетілдіру, еңбек міндеттерін орындауда бастамашылық көрсету және шығармашылық көзқарас таныту, озық тәжірибені пайдалану, әріптестерге еңбек міндеттерін орындауда қолдау көрсету;

Талаптар:

  • жоғары кәсіби (құрылыс/техникалық/экономикалық) білім;
  • мамандық бойынша (ЖОО-да оқуды есептемегенде) 5 (бес) жылдан кем емес жұмыс тәжірибесі, оның ішінде 3 (үш) жылдан кем емес басшылық лауазымдарда (АО «Самрук-Қазына» компаниялар тобында жұмыс тәжірибесі артықшылық болып табылады);
  • лауазымның мамандануына сәйкес Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу, сондай-ақ лауазым бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.

Шарттар:

  • Астана қаласы, Нұра ауданы, Сығанақ көшесі, 17/10 ғимараты;
  • 5/2, дүйсенбіден жұмаға дейін, 09:00-ден 18:30-ға дейін, түскі ас 13:00-ден 14:30-ға дейін;
  • KPI-ді орындау бойынша сыйлықақы төлемдері.