"ҚТЖ" ҰК" АҚ - "Магистральдық желінің Ақтөбе бөлімшесі" филиалының Ақтөбе электрмен жабдықтау дистанциясы Ақтөбе ст. бойынша (ЭЭКЕАЖ қызмет көрсету) 1 санатты инженері

387531 - 404938
Актобинская дистанция электроснабжения Ақтөбе облысы
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 2 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос жұмыс орын тоқтатылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
5

Қаралған саны:
160

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттер:

  • ЭЭКЕАЖ жабдықтарын техникалық дұрыс пайдалануды және уақтылы жөндеуді, кәсіпорында энергетикалық ресурстардың ұтымды жұмсалуын бақылауды, үнемдеу режимін дәйекті сақтауды ұйымдастырады;
  • Энергия ресурстарын тұтынудың үздіксіз мониторингі мен талдауын жүзеге асырады;
  • Жобалық шешімдерді әзірлеуге тапсырмаларды дайындауға қатысады;
  • ЭКЕАЖ жүйелерін жобалау үшін бастапқы деректерді жинауға, энергия ресурстарын бақылау мен есепке алудың автоматтандырылған кешенін жобалау, баптау және қолданысқа енгізудің бүкіл кезеңі ішінде техникалық мәселелерді шешуге қатысады;
  • АСКУЭ кешенін әзірлеу және оны кәсіпорында іске асыру тәжірибесін талдауға және қорытуға қатысады;
  • Есептеу техникасы құралдарымен өңделетін ақпаратты, оның көлемін, құрылымын, енгізу, өңдеу, сақтау және шығару макеттері мен схемаларын, оны бақылау әдістерін айқындайды;
  • Бағдарламаларды жөндеуге дайындау бойынша жұмысты орындайды және жөндеуді жүргізеді;
  • Бағдарламалардың функционалдық мақсатына сәйкестігін барынша толық тексеруді қамтамасыз ететін бақылау мысалдары деректерінің көлемі мен мазмұнын айқындайды;
  • Нәтижелерді талдау негізінде әзірленген бағдарламаға түзетулер енгізеді;
  • Бағдарламалар мен бағдарламалық құралдарды енгізуді сүйемелдеуді жүзеге асырады;
  • Бағдарламалардың дұрыстығын автоматты тексеру жүйелерін, типтік және стандартты бағдарламалық құралдарды әзірлейді және енгізеді, ақпаратты өңдеу технологиясын жасайды;
  • Сапа менеджменті жүйесін енгізу бойынша жұмысқа қатысу;
  • Негізгі құралдар мен тауарлық-материалдық құндылықтарды түгендеуге қатысу;
  • Есептен шығаруға ұзақ мерзімді активтердің материалдарын дайындау.

Біліктілік талаптары:

Білімі: Жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі);
Мамандығы: Теміржол көлігіндегі электр энергетикасы; Автоматтандыру және басқару; Ақпараттық технология;
Жұмыс тәжірибесі: Қызмет бейіні бойынша кемінде 2 жыл.

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр
  • Ғылым кандидаты
  • Ғылым докторы