Ақпараттық технологиялар департаментінің техникалық қолдау қызметінің 3 санатты маманы
«Energy Solutions Center» ЖШС – «Жалпы қызмет көрсету орталығы» филиалы Екібастұз қ.Міндеттері:
1) Электрондық жабдықтың дұрыс техникалық пайдаланылуын, үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету
2) 1-ші деңгейдегі техникалық қолдау аймағында қызмет көрсету және инциденттер бойынша сұрауларды тіркеу, приоритизациялау, классификациялау және шешу
3) 1-ші деңгейдегі техникалық қолдау аймағында ИТ мәселелерін тіркеу және шешу
4) Электрондық жабдықты пайдалану көрсеткіштерін есепке алу және талдау, жұмыс режимдерін және пайдалану шарттарын зерттеу, электрондық жабдықты пайдалану және техникалық қызмет көрсету бойынша нормативтік материалдарды әзірлеу
5) Жабдықты техникалық қызмет көрсету және жөндеу, пайдалану тиімділігін арттыру бойынша перспективалық және ағымдағы жұмыс жоспарларын және кестелерін әзірлеуге қатысу
6) ИТ қызметтерінің пайдаланушыларын консультациялау
7) Қызмет жоспарын орындау және есептілікті ұсыну
8) Техникалық құжаттаманы (пайдаланушы нұсқаулықтары, ережелер және т.б.) әзірлеу
9) Реттеуші, жоспарлы-профилактикалық жұмыстарды орындау
10) Басшылықтың, филиалдың тікелей басшысының жүктеген басқа міндеттерін орындауТалаптар:
-
Жоғары/орта-арнайы білім
(ИТ/ техникалық/ гуманитарлық) - Жалпы жұмыс тәжірибесі - кемінде 1 жыл; кәсіби салада - кемінде 1 жыл
-
1) Техникалық құжаттамамен жұмыс дағдылары
2) Компьютерлік техника, офис техникасы және қажетті бағдарламалық өнімдермен жұмыс дағдылары
3) Жүйелі және сыни ойлау қабілеті, үлкен ақпарат көлемін жедел өңдеу қабілеті -
1) Тұрақты даму
2) Үздіксіз өзін-өзі дамыту
3) Принциптерге адалдық және батылдық - Жауапкершілік, біліктілік, стресске төзімділік.
-
Қазақ, орыс – еркін;
Ағылшын – техникалық