Инвестициялық жобалар және бизнесті қолдау департаментінің директоры

«Самұрық-Қазына Инвест» ЖШС Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 7 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
25

Қаралған саны:
683

   Конкурс туралы

Міндеттері:

  • Инвестициялық жоспарлау;
  • Активтерді басқару, өндіріс тиімділігін арттыру, оларды жобалық қуатқа шығару;
  • Инвестициялық жобаларды іздеу және таңдау;
  • Жергілікті және шетелдік серіктестермен және қаржы институттарымен жұмыс жүргізу;
  • Инвестициялық жобаларды кешенді талдау жүргізу;
  • Ресми құжаттарды дайындау;
  • Инвестициялық жобалардың жобалық қызметінің әдістемелік базасын анықтау.

Талаптар:

  • Профильді салаларда жоғары білім: қаржы / экономика / бухгалтерлік есеп және аудит / менеджмент, немесе менеджмент, стратегия, қаржы, корпоративтік басқару, заң саласында расталған жұмыс тәжірибесі бар техникалық / заңгерлік білім;
  • Халықаралық аккредитациясы бар бағдарлама бойынша магистр немесе MBA / EMBA дәрежесінің болуы және/немесе қаржы саласында халықаралық сертификаттың болуы CFA (Level 2, 3) / ACCA «Fundamental / Негізгі» / CMA / CIMA / IPMA (D деңгейі және жоғары) / PMI (PMP «Professional / PgMP) / Prosci / Prince2 «Practitioner»;
  • Жобаларды басқару бойынша сертификаттың болуы: PMP, PgMP, Prince2, IPMA, PME, Prosci, CMC;
  • Деректерді талдау, үлкен деректер бойынша сертификаттың болуы артықшылық;
  • Инвестиция тарту, қаржы, активтерді/инвестицияларды басқару, корпоративтік басқару, құқықтық қамтамасыз ету салаларында кемінде 8 жыл жұмыс тәжірибесі, ірі инвестициялық жобаларды, бірігу/сатып алу мәмілелерін, активтерді қайта құрылымдауды жүзеге асыру тәжірибесі бар;
  • Кемінде 3 жыл басқарушылық жұмыс тәжірибесі;
  • Ішкі және халықаралық нарықтарда инвестиция тарту тәжірибесі;
  • Жобаларды жүзеге асыру және басқару, инвестициялық жобаларды аналитикалық бағалау, инвестиция тарту, және жобалар портфелін оңтайландыру тәжірибесі;
  • Тұрақты мониторинг, оңтайландыру, интеграция, қайта құрылымдау, тәуекелдерді бағалау және жаңа өндірістік процестерді құруды талап ететін кешенді активтер мен жобаларды басқару тәжірибесі;
  • Компанияның қызметін ауқымды қайта құру тәжірибесі, соның ішінде бірігу және сатып алу, жекешелендіру, IPO мәмілелері.

Шарттар:

  • Бәсекеге қабілетті еңбек шарттары, қызмет нәтижелерін бағалау бойынша сыйақылар;
  • Медициналық сақтандыру;
  • Оқыту және кәсіби даму;
  • Нәтижеге бағытталған мықты кәсіби команда;
  • Астананың бизнес орталығында офис.