Ақпараттық технологиялар басқармасының бастығы

«ҚазТрансОйл» АҚ Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 5 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
42

Қаралған саны:
583

   Конкурс туралы

Міндеттері:

  • Басқарманың жұмысына жалпы басшылық етуді  жүзеге асыру және  Басқарма жұмыскерлерінің арасында міндеттердің білу;
  • «ҚазТрансОйл» АҚ (бұдан әрі – Қоғам) ақпараттық архитектурасын және технологиялық даму бағытын анықтау.     
  • Қоғам бөлімшелерінің  АТ саласындағы қызметін үйлестіру, Қоғам құрылымдық бөлімшелеріне және  оның еншілес және бірлесіп-бақыланатын ұйымдарына (бұдан әрі – ЕББҰ) АТ мәселелері бойынша әдіснамалық көмек көрсету;      
  • Қоғамның АЖ пайдаланушыларын техникалық қолдау процесін ұйымдастыру,   мониторингілеу және талдау;
  • Басқарма жетекшілік ететін шығындар баптары бойынша бюджеттік жоспарлауды бақылау,  ЕББҰ-ның, оның ішіне осы ұйымдардың мұнай құбырларын оператормен  пайдалану бөлігінде бюджеттерінің, сондай-ақ Басқарманың қызмет бағыты бойынша  Қоғам құрылымдық бөлімшелерінің тауарлар, жұмыстар мен қызмет көрсетуді сатып алу бөлігінде өтінімдерін келісілуін бақылау;    
  • уәкілетті мемлекеттік органға табыс ету үшін  Басқарманың қызмет бағыттары  бойынша күрделі қаржы жұмсалымдарды орындаудың орындылығын   негіздеу жөніндегі растау құжаттарының даярлануын қамтамасыз ету;  
  • бұдан әрі уәкілетті мемлекеттік органға табыс ету үшін, Басқарма жетекшілік ететін Қоғамның инвестициялық  бағдарламасының іс-шараларының орындалуы жөніндегі растау құжаттарының даярлануын қамтамасыз ету;  
  • тауарлар, жұмыстар мен қызмет көрсетуді сатып алу жоспарын даярлау, келісілу және ұсынуды қамтамасыз етуді бақылау. АЖ дамыту мен құруға тендерлік құжаттаманы даярлау мен келісілуді, сатып алу бойынша сараптау қорытындысын қалыптастыруды қамтамасыз ету. АЖ дамыту мен құруды сатып алу шарттарын даярлау мен келісілуді және олардың жасалуын қамтамасыз ету;        
  • ақпараттық қауіпсіздік аудиттерін, вендор аудиттерін өткізуге, аудит ұсынымдары бойынша шешімдер іздестіруге  және аудит ұсынымдары бойыншы іс-шаралар жоспарын даярлауға қатысу;   
  • талдамалы есептердің даярлануын қамтамасыз ету,  ішкі және сыртқы аудиторлардың ұсынымдарын іске асыруды бақылау, АТ-бөлімшелерінің жылдық жұмыс жоспарының орындалу мониторингі; 
  • АЖ дамыту/өзгерту жұмыстарын ұйымдастыруды және орындалуын бақылау   (топты жұмылдыру, ресурстар бөлу, тапсырмаға/жүйеге қолжетімділікті ұйымдастыру, өкілеттіктер бөлу).

Талаптар:

  • Кадрлар даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары білім;
  • Мамандық бойынша кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибесі, басшылық қызметтерде кемінде 1 жыл  жұмыс тәжірибесі.

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр