Локомотив пайдалану ТЧЭ-4 депо кезекшісі
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.
-
Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.
Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.
-
Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- мүдделер қақтығысы туралы декларация;
- үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
- үміткер анкетасы.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.
Лауазымдық міндеттер:
Депо кезекшісінің лауазымдық міндеттері:
Өз еңбек қызметін жүзеге асыру барысында адалдық,сенімділік және кәсібилік танытып,еңбек өнімділігін арттруға,өзара көмекке,бір-біріне,мүдделі тұлғаларға және жалпы қоғамға құрметпен қарауға міндетті,
Заңнамамен қорғалатын коммерциялық немесе өзге де құпияны жария етпеу,сондай-ақ қауіпсіздік режиміне байланысты барлық ережелер мен рәсімдерді қатаң сақтауы тиіс.
Қоғамда қабылданған моральдық-этикалық нормаларды сақтау,корпоративтік киім үлгісі ұстану және сыртқы келбетін қадағалау(нысандалған киім кию),сондай-ақ еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау,өрт қауіпсіздігі және өндірістік санитария талаптарын жұмыс орнында сақтау.
Кәсіби функцияларды адалдықпен және орынды,тиісінше қамқорлықпен,ұқыптылықпен орындау,компаеия мұддесінде әрекет ету,жанжалдардан аулақ болу.
Басшылықтың тапсырмаларын уақытылы орындауды қамтамасыз ету, белгіленген тәртіппен басшылықты заңбұзушылықтар туралы хабардар ету;
Ауысымдағы қызметкерлердің жұмысына басшылық жасау және бақылау жүргізу: ауысым шеберлері мен ауысымдағы ТПОЛ жұмысшылары, ОКДЛ операторлары, локомотив бригадалары (қыздыру, локомотивті дайындау, маневрлік жолдардағы жұмыстарға тартылған), яғни тікелей бағынысты қызметкерлер;
Ауысым алдында барлық қызметкерлерді алдағы жұмыс көлемімен таныстыру;
Ауысымға кіріскенде кезекші қызметкер тәуліктік жоспарлы тапсырмалармен және локомотивтерді жөндеу түрлерінен кейінгі шығаруға арналған жоспар-кестемен, қозғалыс жағдайымен, пойыздық және маневрлік жұмыстардың орындалу барысымен танысуға міндетті;
Кезекші жүргізетін мүлікті қабылдау және тапсыруды ұйымдастыру;
Басшылықтың бұйрықтары мен өкімдерін орындау, сондай-ақ пойыздар қозғалысының қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау талаптарының сақталуын қамтамасыз ету;
Жөндеуден өткен, техникалық қызмет көрсетудегі және уақытша резервтегі (ВРЛ), сондай-ақ жұмысқа дайын күтіп тұрған локомотивтердің жағдайына бақылау жасау;
Жоспарға немесе кестеге сәйкес локомотивтерді қою, жанар-жағармай құю және техникалық қызмет көрсетуден шығару;
Тарту жолдары мен бағыттамалардың жағдайына бақылау жасау;
3Локомотив бригадаларына тәуліктік жоспарлы тапсырмаларды орындау үшін қажетті жағдайды қамтамасыз ету;
Іргелес деполардың кезекшілерімен байланыс орнатып, локомотив парктерін пайдалануда бірлескен іс-қимылды үйлестіру және бір-біріне көмек көрсету;
Локомотив бригадаларының жұмысқа уақытылы шығуын бақылау (жоспар-кестеге немесе шақыруға сәйкес);
Пойыздардың тоқтатылуы немесе кешігуі жағдайында машинист бригадасын алдын ала хабардар ету, жұмысқа шығу уақытының өзгергенін уақытылы жеткізу;
Машинистердің “Ескертулер кітабына” енгізген жазбаларын тексеру және оларды тиісті қызметтерге жолдау. Пойыз қозғалысы қауіпсіздігіне қатер төндіретін барлық жағдайлар туралы белгіленген тәртіппен филиал басшылығына дереу хабарлау;
Пойыздық және маневрлік жұмыстар барысында қозғалыс қауіпсіздігіне қатер төнген жағдайда филиал басшылығына және кезекші қызметкерге дереу хабарлау, сондай-ақ локомотив бригадасын техникалық ақпаратпен қамтамасыз ету.
Біліктілік талаптары:
Білім жоғары (техникалық және кәсіптік)Мамандық:Темір жол жылжымалы құрамы пайдалану,жөндеу және техникалық қызмет көрсету
Жұмыс тәжірибесі: Тепловоз машинист болып кемінде 3 жыл
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Техникалық және кәсіптік білім беру