НЕ ВАХТА_Бериллий өндірісі. Санаты жоқ/ 2-санатты/1-санатты баптау және сынау жөніндегі техник (№ 51-01-22/5450 от 20.08.2025) - 1 ед., г. Усть-Каменогорск

«Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ Өскемен қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 1 жылдан 3 жылға дейін Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
0

Қаралған саны:
143

   Конкурс туралы

Лауазымдық жауапкершілік:

Баптау және сынау жөніндегі техник: - Индукциялық балқыту пештерінің электронды қоректендіру жабдығының-жиілікті тиристорлық түрлендіргіштердің, әртүрлі жартылай өткізгіш реттегіштердің және басқа да электрондық жабдықтардың дұрыс техникалық жұмыс істеуін, үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етеді. - Ведомстволық бағынысты жабдықтар мен жүйелердің әртүрлі түрлерін іске қосу-баптау жұмыстарын (сынау) орындайды. - Электрондық жабдықты жұмысқа дайындауды, жекелеген құрылғылар мен тораптарды техникалық тексеруді жүзеге асырады, ведомстволық бағынысты жабдықтың электрондық элементтерінің параметрлері мен сенімділігін бақылайды, ақауларды уақтылы анықтау және оларды жою мақсатында тестілік тексерулер жүргізеді. - Электрондық жабдықтың элементтері мен блоктарын, электроникамен байланысты технологиялық жабдықтың жекелеген құрылғылары мен тораптарын баптауды жүргізеді, бекітілген құжаттамаға сәйкес жөндеу жұмыстарын уақтылы және сапалы орындау жөнінде шаралар қабылдайды. - Электрондық жабдықтың техникалық жай-күйін тексеруге, профилактикалық тексерулер мен ағымдағы жөндеу жүргізуге, оны күрделі жөндеуден қабылдауға, сондай-ақ пайдалануға жаңадан енгізілетін электрондық жабдықты қабылдауға және игеруге қатысады. - Монтаждалған жабдықтар мен монтаждау жұмыстарының техникалық сипаттамаларының техникалық және жобалық құжаттамаға сәйкестігін белгілейді, жұмыстар мен жабдықтардың ақауларын анықтайды, оларды жоюды қамтамасыз етеді. - Режимдік талаптарды, мемлекеттік және қызметтік құпияны, құпия ақпаратты, ақпараттық қауіпсіздікті, өткізу және объектішілік режимді, еңбек және өндірістік тәртіпті сақтау жөніндегі талаптарды сақтайды. - «ҮМЗ» АҚ еңбек тәртібінің ережелерін сақтайды. - РД ОПБиОТ №14.025 сәйкес өндірістік қауіпсіздік саласындағы міндеттерді орындайды. - Жылына кемінде бір рет электр қондырғыларында жұмыс істеу нормалары мен ережелерін білуіне біліктілік тексеруден өтеді. - Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға бағытталған талаптарды сақтау.

Білім:

Техникалық және кәсіптік, орта (арнаулы орта, кәсіптік орта) білімі

Дағдылар:

Санаты жоқ баптау және сынау жөніндегі тхниктің білуі тиіс: - ДЭЕМ және ұйымдастыру техникасының басқа да құралдарын пайдалану ережелері. - Режимдік талаптар, мемлекеттік және қызметтік құпияны, құпия ақпаратты, ақпараттық қауіпсіздікті, өткізу және нысаншілік режимді, еңбек және өндірістік тәртіпті сақтау жөніндегі талаптар. - Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, қоршаған ортаны қорғау және өрт қауіпсіздігі жөніндегі ережелер мен нормалар. - ҚР Еңбек кодексі. - Электр қондырғыларында жұмыс істеу нормалары мен ережелері. - Еңбекақы төлеу және ұйымдастыру негіздері. 2-санатты, 1-санатты баптау және сынау жөніндегі техник қосымша білуі тиіс: -Ұйымдастырушылық-өкімдік құжаттаманың және іскерлік хат алмасудың үлгілік нысандары. - «ҮМЗ» АҚ құжаттау және құжаттаманы басқару ережесі. - «ҮМЗ» АҚ жұмыскерлері үшін еңбек тәртібі ережесі. - «ҮМЗ» АҚ-да белгіленген еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі, өндіріс мәдениеті және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі қағидалардың, нормалар мен нұсқаулықтардың талаптары. - «ҮМЗ» АҚ менеджмент жүйесінің негіздері. Санаты жоқ баптау және сынау жөніндегі техник үшін -энергетика саласындағы (кәсіптердегі) жұмыс өтілі кемінде 2 жыл; 2-санатты баптау және сынау жөніндегі техник үшін - баптау және сынау жөніндегі техник лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 2 жыл; 1-санатты баптау және сынау жөніндегі техник үшін - 2-санатты баптау және сынау жөніндегі техник лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 2 жыл.

Қосымша:

Еңбек жағдайларының сипаттамасы - бериллий мен оның қосылыстарының адам ағзасына аса зиян әсер етуімен байланысты 1 дәрежелі зиянды еңбек жағдайлары Жұмыс режимі және демалыс: аптасына 36 сағат және демалыс күндері сенбі және жексенбі. Болжамды еңбек ақы мөлшері: 206 818 бастап 428 858 теңгеге дейін – санаты жоқ баптау және сынау жөніндегі техник; 217 159 бастап 450 301 теңгеге дейін – 2-санатты баптау және сынау жөніндегі техник; 228 017 бастап 472 816 теңгеге дейін – 1-санатты баптау және сынау жөніндегі техник

Білетін тілдер:

-