декреттік демалыс кезеңіне жетекші маман

«Шардара су электр станциясы» АҚ Шардара қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 1 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос жұмыс орын тоқтатылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
4

Қаралған саны:
191

   Конкурс туралы

             Міндеттері:

  1. Қоғам қызметкерлерінің жұмыс уақытын есептеу және мереке күндері жұмыс істеген жұмыс уақытын есептеу табелдерін жүргізу;
  2. жиынтық жасай отырып, Қоғам қызметкерлерінің жалақысын есептеуді және ауыспалы бөлігін есептеуді және шығындардың элементтері бойынша бөлуді жүргізу;
  3. жалақы бөлігінде басқа дебиторлар мен кредиторлардың есебін жүргізу;
  4. әлеуметтік салық, міндетті зейнетақы жарналары бойынша мәліметтер, жеке тұлғалардың жеке табыс салығын есептеу және төлем көзінен салық салынатын табыстар бойынша есеп жүргізу және есептілікті жасау;
  5. қызметкерлерге белгіленген мерзімде жалақыны беру үшін уақтылы есебін жасау;
  6. атқару парақтары бойынша есеп айырысулардың есебін жүргізу;
  7. жетекші маманның жұмыс функцияларына кіретін бас бухгалтер мен бас маманның нұсқауларын орындау;
  8. жоғарыда аталған өкілеттіктер шегінде 1С:8 жүйесіне есепке алу деректерін енгізу.

             Талаптары:

жоғары экономикалық білім немесе орта арнайы білім;
мамандығы бойынша жұмыс өтілі  кемінде 1 жыл;
компьютерді жақсы меңгерген, 1С:8 жүйесіне жұмыс істей білу.

Тестілеу заңнаманың негіздерін білу, бухгалтерлік есеп, салықтар мен алымдар, зейнетақымен қамсыздандыру, әлеуметтік және медициналық сақтандыру, сондай-ақ азаматтық және еңбек құқығы туралы негіздерді түсіну жөніндегі мәселелерді қамтиды.

           Шарттары:

жетекші маман пайдаланатын мүліктің сақталуын қамтамасыз ету;
еңбек тәртібін, қауіпсіздік ережелерін, еңбекті қорғау ережелері мен нормаларын, өндірістік санитария мен өрт қауіпсіздігін (ӨҚЕ) сақтау, 5 күндік жұмыс аптасы, жұмыс кестесі 9.00-ден 18.00-ге дейін.

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Колледж

Міндетті түрде тілдерді білу

  • Қазақ тілі (Озат)
  • Орыс тілі (Орташадан жоғары)