Павлодар станциясының (босатылған) бригадирі
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.
-
Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.
Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.
-
Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- мүдделер қақтығысы туралы декларация;
- үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
- үміткер анкетасы.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.
Лауазымдық міндеттер:
- Коммерциялық қауіпсіздік пунктіндегі вагондар мен поездарды Коммерциялық тексеру ережесінің талаптарына, Акт-шағым жөніндегі жұмыстар бойынша нұсқаулыққа сәйкес, коммерциялық ақаулықтар анықталған сәттен бастап, 24 сағат ішінде қарастырылған мекенжайларға жедел хабарлама беру;
- Павлодар станциясының Комерциялық қауіпсіздік пункті КҚП (ПКБ) жұмысының Технологиялық процессі талаптарына сәйкес коммерциялық қауіпсіздік пунктінің жұмысын бақылау;
- «Б» паркінің поезд қабылдаушыларының поездар мен вагондарды коммерциялық байқаудың автоматтандырылған жүйесі (бұдан әрі АЖ ПВКБ –АСКО ПВ) және «Б» мен «Г» парктерінің поезд қабылдаушыларының Қозғалыстағы вагондардың жүктері мен тұтастығын бақылаудың автоматтандырылған жүйесі (бұдан әрі ҚВЖТ АЖ) АСК ГЦВ) бағдарламалары бойынша поездарды коммерциялық тұрғыдан уақытында қарауын бақылау;
- АСКО ПВ, АСК ГЦВ жүйелері ақау болған жағдайда, поездарды қабылдаушылар вагондарды коммерциялық тексеруді Павлодар станция жұмысының технологиялық процессіне сәйкес жүргізу;
- Поездар мен вагондарды коммерциялық тексеру жөніндегі операциялардың уақытында орындалуын, тексеру нәтижелерінің құжаттамалық ресімделуін бақылау;
- Кемінде 2 поезды бақылап-тексеруді жүргізу, сондай-ақ тасымалданатын габаритті емес және ауыр салмақты жүктерді тексеруге қатысу (ай сайын);
- Поездарды қабылдаушылардың жұмыс уақытын есепке алу табелін жүргізу және оны инженер-нормалаушыға тапсыру.
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Колледж
Міндетті түрде тілдерді білу
- Қазақ тілі (Озат)
- Орыс тілі (Озат)