Жаңа жобалар департаментінің бас менеджері

«QazaqGaz» ҰК» АҚ Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 7 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Ішкі іздеу
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
21

Қаралған саны:
4217

   Конкурс туралы
Құрметті ізденуші!
Бос орынға жауап бермес бұрын сізден конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

Білім, жұмыс тәжірибесі, дағдылары және т.б. туралы ұсынылатын деректердің дұрыстығына ізденуші жауапты болады.

Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, ізденуші конкурстық іріктеуге қатысуға жіберілмейді.


2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

Анықтама өзекті ақпаратты қамтуы тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін кемінде 1 (бір) ай бұрын алынуы тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы "жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу" бөлімінен алуға болады.
Жеке кабинетте және сіз көрсеткен электрондық мекенжайда тиісті хабарламаларды қадағалауыңызды сұраймыз.

3. Хабарламаларды бақылау және уақтылы ден қою үшін жауапкершілік бос лауазымға орналасуға ниет білдірген (мүдделі) адамның жауапкершілік аймағы болып табылады.


Міндеттері:
Барлық кезеңдерде күрделі құрылыс және реконструкция саласындағы жаңа жобалардың іске асырылуын үйлестіруді және бақылауды жүзеге асырады.
Құрылыс жұмыстарын жүргізу үшін жобалау-сметалық және техникалық құжаттаманың уақтылы әзірленуіне, келісілуіне және берілуіне бақылауды жүзеге асырады.
Жобаларды қарау кезінде басқару органдарының, комиссиялардың, жұмыс топтарының және ғылыми-техникалық кеңестердің жұмысына қатысады; күрделі салымдардың тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар дайындайды.
Күрделі құрылыс жоспарларының орындалуына және объектілердің уақтылы пайдалануға берілуіне бақылау жүргізеді.
Жабдықтарды салуға және сатып алуға жіберілген қаражаттың жұмсалуын бақылауға қатысады.
Жобалар бойынша есеп пен есептілікті жүргізу бойынша жұмысты ұйымдастырады, есепті кеңестерге қатысады.
Талдамалық анықтамалар, қорытындылар, презентациялар дайындайды және бейіндік мәселелер бойынша іскерлік хат алмасуды жүргізеді.
Талаптар:

Білім:

 

мұнай-газ дела, мұнай-газ кен орындарын бұрғылау, игеру және пайдалану, мұнай мен газды қайта өңдеу саласындағы жоғары техникалық білім;
жобаларды басқару, күрделі құрылыс, инвестициялық жобаларды іске асыру саласындағы немесе мұнай-газ химиясы өнеркәсібіндегі тәжірибені қоса алғанда, мұнай-газ саласында кемінде 8 жыл жұмыс тәжірибесі;
қызмет бейіні бойынша сараптамалық позицияларда кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибесі.




Шарттар:
ҚР ЕК сәйкес ресімдеу.
Сынақ мерзімі-3 ай.
Бес күндік жұмыс аптасы, екі демалыс - сенбі және жексенбі.