Санаты жоқ / 2 санатты / 1 санатты инженер-конструкторшысы конструкторлар тобының бериллий өндірісі (№ 51-01-22/5303 от 12.08.2025), 1 ед., г. Усть-Каменогорск

«Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ Өскемен қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: Тәжірибесіз Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
0

Қаралған саны:
186

   Конкурс туралы

Лауазымдық жауапкершілік:

- Белгіленген мерзімде сапалы конструкторлық құжаттаманы (бұдан әрі мәтін бойынша – КҚ) әзірлейді және шығарады. - Әзірленіп жатқан КҚ нормативтік-техникалық құжаттардың талаптарына және техникалық тапсырмаларға, еңбекті қорғау және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі қағидаларға, нормалар мен нұсқаулықтарға сәйкестігін қамтамасыз етеді. - Әзірленетін бұйымдарды, тораптарды, бөлшектерді және т. б. өндіруге, монтаждауға және пайдалануға авторлық қадағалау жүргізеді. - Бериллий өндірісінің конструкторлар тобы (бұдан әрі мәтін бойынша – БӨ КТ) әзірлеген КҚ-ға өзгерістер мен толықтырулар енгізеді. - БӨ КТ әзірлеген, сондай-ақ өндірістің ағымдағы жұмысы үшін қажетті Үлбі жобалау-конструкторлық институтының мұрағатынан БӨ қызметтері мен бөлімшелерін КҚ қамтамасыз етеді. - Қажет болған жағдайда жаңа жабдықтар мен учаскелерді тексеруге, бағалауға және сынауға қатысады. - Қолданыстағы жабдықтарды жаңғырту және еңбек жағдайларын жақсарту бойынша техникалық ұсыныстар дайындайды. - Қайта жаңартылатын учаскелерді жобалау алдындағы пысықтауды орындай отырып, Үлбі жобалау-конструкторлық институтына, бөгде ұйымдарға техникалық тапсырмалар дайындайды. - Соңғы техникалық және анықтамалық әдебиеттерді зерттейді. - «ҮМЗ» АҚ еңбек тәртібінің ережелерін сақтайды. - Құпиялылық тәртіптің, өткізу және объектішілік тәртіптің, мемлекеттік, қызметтік және коммерциялық құпияны сақтаудың, ақпараттық қауіпсіздіктің, еңбек және өндірістік тәртіптің талаптарын сақтайды. - РД ОПБиОТ № 14.025 сәйкес өндірістік қауіпсіздік саласындағы міндеттерді орындайды.

Білім:

Жоғары техникалық білім

Дағдылар:

Білуі керек: - ҚР Еңбек кодексі; - Экономика, Менеджмент, ұйымдастыру және еңбекақы төлеу негіздері; - Менеджмент жүйесінің негіздері (СМЖ, СМОС, СМОЗиОБТ); - Құжаттау және құжаттаманы басқару Ережелері; - «ҮМЗ» АҚ еңбек тәртібі ережесі; - Өнеркәсіптік қауіпсіздік, еңбекті қорғау, қоршаған ортаны қорғау, өрт қауіпсіздігі және өндіріс мәдениеті жөніндегі қағидалардың, нормалар мен нұсқаулықтардың талаптары; - Құпиялылық режимінің, өткізу және объектішілік режимнің, қызметтік және коммерциялық құпияларды сақтаудың талаптары. II / I санатты инженер-конструктор үшін қосымша- білуі тиіс: өндірістің конструкторлық дайындығына қатысты заңнамалық, нормативтік және құқықтық актілерді, ережелерді, нұсқаулықтарды, стандарттарды және басқа да басшылық материалдарды, өндірістің ерекшелігін, ұйымдастырылуын, технологиясын, жабдықтарын.

Қосымша:

Еңбек жағдайларының сипаттамасы - қалыпты еңбек жағдайлары. - бериллий мен оның қосылыстарының адам ағзасына аса зиян әсер етуімен байланысты 1 дәрежелі зиянды еңбек жағдайлары Жұмыс режимі және демалыс: 8:00-ден 16:40-қа дейін 5 күндік жұмыс аптасында, сенбі, жексенбі демалыс күндері. Болжамды еңбек ақы мөлшері: 251 389 теңгеден 439 680 теңгеге дейін - санаты жоқ инженер-конструктор; 276 528 теңгеден 483 648 теңгеге дейін - 2-санатты инженер-конструктор; 304 180 теңгеден 532 013 теңгеге дейін - 1-санатты инженер-конструктор. Тағылымдама - кемінде 30 күнтізбелік күн мерзімге белгіленеді.

Білетін тілдер:

-