Орталық бухгалтерия ХҚЕС және БЕ секторының аға менеджері (негізгі қызметкер болмаған кезеңде)

«QazaqGaz» ҰК» АҚ Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
40

Қаралған саны:
695

   Конкурс туралы

Функционалдық міндеттері:

  • 1С Бухгалтерия (Пайда мен зиян туралы есеп) жүйесіндегі бухгалтерлік есеп деректерін өңдейді және талдайды;
  • SAP Intercompany (IC жүйесі) жүйесінде ЕТҰ/ББҰ-мен және Қор компаниялары тобының ұйымдарымен қағаз тасымалдағыштағы Топішілік айналымдар мен қалдықтарды салыстыруды өңдейді, тексереді және келіседі;
  • SAP FC жүйесінде қаржылық есептілік пакетін (Пайда мен зиян туралы есеп) дайындайды;
  • SAP FC жүйесінде ЕТҰ/ББҰ (Пайда мен зиян туралы есеп) қаржылық есептілік пакетін толтырудың дұрыстығын талдайды;
  • Топаралық айналымдар мен қалдықтар бойынша деректерді енгізеді және Қордың автоматтандырылған жүйесінде (BPC жүйесі) салыстыру мәртебесін растайды;
  • BPC жүйесінен қаржылық есептілік пакетін (Пайда мен зиян туралы есеп) жүктейді және дұрыстығын тексереді;
  • сыртқы аудиторға аудиторлық рәсімдерді жүргізу үшін қажетті ақпаратты жинайды және оған ұсынады;
  • сыртқы аудитордың ұсынымдарын орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарын дайындайды және қалыптастырады, сыртқы аудитордың қаржылық есептілік бойынша аудиторлық рәсімдердің нәтижелері бойынша ұсынымдарын орындау жөніндегі есепті жинайды және шоғырландырады;
  • SAP FC-тен SAP BPC-ке қаржылық есептілікті қалыптастыру үшін жүйені автоматтандыру және жетілдіру процесінде маппинг жасайды.
  • Қоғамның Басқармасына, Қоғамның ДК-не және Қор Басқармасына Қоғамның қаржылық есептілігін бекіту жөніндегі материалдарды (түсіндірме жазбаларды, шешім жобасын) дайындайды, келіседі және қол қояды;
  • Қоғам Басқармасына және Қоғам ДК-не ЕТҰ/ББҰ-ның қаржылық есептілігін бекіту жөніндегі материалдарды (түсіндірме жазбаларды, шешім жобасын) дайындайды, келіседі және қол қояды;
  • «Самұрық-Қазына» АҚ-ның Сатып алуды жүзеге асыру тәртібіне сәйкес аудиторлық ұйымды таңдау рәсімі бойынша материалдарды (түсіндірме жазбалар, баяндамалар, анықтамалар, хаттамалар) үйлестіреді, дайындайды және келіседі, №13 қосымша;
  • аудиторлық ұйымды таңдау жөніндегі Бірыңғай комиссия хатшысының рөлін атқарады;
  • Қоғамның Басқармасы мен ДК-не және Қор Басқармасына одан әрі корпоративтік шешімдер үшін материалдар дайындайды және жібереді;
  • Қоғам басшылығының бұйрықтарын және тікелей басшының өкімдерін орындайды;
  • құрылымдық бөлімшелердің және басқа органдардың сұрау салулары бойынша ақпарат береді;
  • қоғамның қаржылық есептілігін қаржылық есептілік депозитарийі үшін онлайн режимде орналастырады;
  • ақпаратты жинайды және онлайн режимде «Меншіктің жедел мемлекеттік мониторингі» шаблонына есеп нысанын қалыптастырады;
  • аудиторлық ұйымдардың қызметтерін тарту саласындағы саясатқа сәйкес, Қор үшін аудиторлық және аудиторлық емес қызметтер бойынша ақпаратты дайындайды және шоғырландырады.

Талаптар:

Білімі:

Бухгалтерлік есеп/экономика/қаржы/аудит саласындағы жоғары кәсіптік білім.

 Кәсіби сертификация:

Халықаралық қаржылық есептілік бойынша диплом (DipIFR)

 Мамандық бойынша жұмыс тәжірибесі:

Бухгалтерлік есеп/аудит саласында кемінде 3 жыл жұмыс тәжірибесі:

Оның ішінде мынадай салаларда

1 жылдан кем емес

жұмыс тәжірибесінің болуы:

- ҚЕХС-ке сәйкес қаржылық есептілікті жасауда;

- қаржылық көрсеткіштерді талдауда.

Мынадай саладағы білім:

  • Халықаралық қаржылық есептілік стандарттары;
  • Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заң.

 Мыналардың болғаны жөн:

  • «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобында жұмыс тәжірибесі;
  • Big4-те жұмыс тәжірибесі;
  • ACCA сертификатының болуы.
Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін білуі (upper-intermediate-тен төмен емес болғаны жөн).

Шарттар:
  • Негізгі қызметкер болмаған кезеңде ҚР ЕК сәйкес ресімдеу.
  • Сынақ мерзімі-3 ай.
  • Бес күндік жұмыс аптасы, екі демалыс - сенбі және жексенбі.