"ҚТЖ "ҰК" АҚ - "Алматы магистральдық желі бөлімшесі"филиалының техникалық құралдарды пайдалану жөніндегі инженері 1 санатты өлшеу аспаптарын жөндеу және тексеру жөніндегі топ 2 топ Ақтоғай сигнал беру және байланыс қашықтығы
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.
-
Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.
Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.
-
Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- мүдделер қақтығысы туралы декларация;
- үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
- үміткер анкетасы.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.
Лауазымдық міндеттер:
- Өлшеу құралдарын санау,сапасын қамтамасыз ету бойынша жұмысты бақылау;
- Есептерді жүргізу,тексеру жапсырмалары мен өздігінен жабысатын жапсырмаларды сақтау және беру;
- Өлшеу құралдарын тексеру кестелерін жасау,олардың орындалуын бақылау және бақылау жабдығының жай-күйі мен қолданылуы үшін жауап беру;
- "НАЦСЭКС" АҚ жергілікті органдарымен метрологиялық қамтамасыз ету мәселелері бойынша,өлшем құралдарының қолданылуын мемлекеттік қадағалау;
- Сынақ жабдықтарын сертификаттау жөніндегі комиссияға қатысу;
Біліктілік талаптары:
- Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі ) орта (техникалық және кәсіптік ),белгіленген бағдарлама бойынша мамандандырылған оқыту
- Мамандығы; Автоматтандыру және басқару; Радиотехника ,электроника және телекоммуникациялар; Темір жол көлігіндегі автоматтандыру,телеметрия және байланыс; Радиобайланыс және хабар тарату; Ақпараттық технология, Компьютерлік инженерия; Көп арналы коммуникациялар; Байланыс желілері және байланыс жүйелері: Стандарттау,метрология және сертификаттау.
- Жұмыс тәжірибесі: жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар жоқ.
Қосымша талаптар:
- Қызмет көрсетілетін құрылғыларды теориялық және практикалық тұрғыдан білу,олардың дұрыс күйін қамтамасыз ету,сондай-ақ жұмыстарды орындау ережелерін сақтай отырып ,құрылғыларды жөндеу,орнату,өлшеу, жұмыс техникасын жетілдіру,құрылғыларға қызмет көрсетудің әдістерін меңгеру және қолдану;
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Маман
- Магистр
- Техникалық және кәсіптік білім беру
- Колледж