Мұнай-газ кен орындарын жайластыру басқармасының жетекші инженері (аутстаффинг)

ҚМГ Инжиниринг Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 5 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
9

Қаралған саны:
91

   Конкурс туралы
Білімі (жоғары, мамандық/біліктілік):
қызмет бейіне сәйкес жоғары кәсіптік білімі.
Мұнай және газ кен орындарын игеру және пайдалану немесе мұнай және газ геологиясы саласындағы техникалық.
Кәсіби саладағы жұмыс өтілі/Бейіні бойынша ұлттық және/немесе халықаралық компаниялардағы және/немесе функционалдық бағыттарға сәйкес салалардағы жұмыс өтілі:
кемінде 5 жыл, ұлттық және/немесе халықаралық компанияларда және/немесе лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда бейіні бойынша кемінде 2 жыл.
Басшылық лауазымдардағы жұмыс өтілі:
қажет емес.
Міндеттерді орындау үшін қажетті дағдылар:
-жобалау және оңтайландыруға арналған бағдарламалық қамтамасыз етулерде жұмыс істеу дағдылары (Hysys, UniSim, Pipesim);
- жерүсті кәсіпшілік қондырғыларымен және оның пайдалану процесімен байланысты проблемаларды зерттеу және жою дағдылары;
- өндіру техникасы мен технологиясының негіздерін, ұңғыма өнімдерін жинау және тасымалдау жүйесінің технологиялық процесін білу;
- өндірістің пайдалану сенімділігі қағидаттарын, жерүсті жабдығының тұтастығы мен сенімділігін басқару жүйесінің қағидаттарын білу;
 жердегі жайластыру бойынша жобалық және нормативтік-техникалық құжаттамамен жұмыс істеу дағдылары мен білімі;
- өнеркәсіптік, өрт және экологиялық қауіпсіздік саласындағы жобалық және нормативтік-техникалық құжаттамаларды білу;
- бағдарламалық қамтамасыз етумен (Microsoft office (Word, Excel, PowerPoint, Outlook), Acrobat, MS Project), байланыс және коммуникация құралдарымен жұмыс істеу білімі мен дағдылары;
- жерүсті кәсіпшілік қондырғыларымен және оның пайдалану процесімен байланысты проблемаларды зерттеу және жою дағдылары;
- технологиялық схемалармен (PFD) жұмыс істеу дағдылары, құбырлар мен БӨАжА схемасы (P&ID), себептер мен салдарлар схемасы (C&E);
- таныстыру, іскерлік қарым-қатынас және хат алмасу дағдылары;
- қазақ және/немесе орыс тілін, ағылшын тілін білу (мүмкіндігінше).
Осы лауазымдағы функционалдық міндеттері:
-жердегі жабдықтың, пайдалану жөніндегі технологиялық регламенттің және жердегі жайластырудың технологиялық схемаларының бірыңғай тізілімін жасайды және жаңартады, сондай-ақ сенімділік жөніндегі ұсыныстарды талдау және әзірлеу үшін өндірістік деректерді басқару жөніндегі қолда бар құралдар базасында жабдықтың технологиялық параметрлерінің дерекқорын жасайды;
- жерүсті жабдықтарын техникалық диагностикалау нәтижелерін талдау негізінде жерүсті құрылыстарының жабдықтарын жаңарту бойынша ұсыныстар әзірлейді;
- озық технологиялар мен әдіснамаларды қолдана отырып, сенімді пайдалануды жақсарту және кен орындарындағы өндірістік тәуекелдерді азайту үшін бизнес-процестер базасын іздестіреді, зерделейді, сондай-ақ жетілдіреді;
- кен орындарын жайластыру объектілерін техникалық жетілдіру және жаңғырту жөнінде ұсыныстар әзірлей отырып, кен орындарын жайластыру объектілерінің, мұнай кәсіпшілігі жабдықтары мен техникалық құралдардың жай-күйіне сараптамалық бағалау жүргізеді;
- жылдық өндірістік бағдарламаларды, ғылыми-зерттеу жұмысының (ҒЗЖ) тақырыптық жоспарларын, өндірісті қауіпсіз және сенімді пайдалануды қолдану және қамтамасыз ету үшін жаңа техника мен технологиялардың ЖПҚ бағдарламаларын қарайды;
- жетекшілік ететін жобалар бойынша Серіктестіктің басшылығына есеп береді; - еңбек шартымен және осы лауазымдық нұсқаулықпен өзіне жүктелген міндеттерді орындайды; - өзіне жүктелген міндеттерді орындау кезінде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының, Серіктестік Жарғысының және Серіктестіктің ішкі құжаттарының талаптарын сақтайды.

Қажетті қабілеттер

  • навыки работы в программных обеспечениях для проектирования и оптимизации (Hysys, UniSim, Pipesim);