"ҚТЖ "ҰК" АҚ - "Ақтөбе сигнал беру және байланыс дистанциясы" филиалының СОБ және байланыс құрылғыларының сенімділігі және үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету бригадасының техникалық құралдарын пайдалану жөніндегі инженері

от 387531
Актобинская дистанция сигнализации и связи Ақтөбе облысы
Қажетті жұмыс тәжірибесі: Тәжірибесіз Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос жұмыс орын тоқтатылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
15

Қаралған саны:
348

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттер:

  • РШ, стативтерді жасауға арналған монтаждық сызбаға сәйкес тексеру жүргізу;
  • Іске қосу, реттеу жұмыстарына қатысу;
  • СОБ құрылғыларының сенімділігін арттыру, ақаулар мен істен шығулардың қайталануын болдырмау және олардың сенімділігін арттыру мақсатында алдын алу шараларын ұйымдастыру;
  • Мердігер ұйымдар орындайтын жұмыстардың сапасын бақылау, орындалған жұмыстарды қабылдауға қатысу;
  • СОБ утилизация аспаптарын дайындау жұмыстарына қатысу;
  • Материалдар, құрал саймандарға, арнайы жабдықтар мен жеке қорғаныс құралдарына, медициналық алғашқы көмек қобдишалары мен өрт сөндіру құралдарына қажеттілікке сәйкес өтінім дайындау және ұсыну;
  • "Жолда адам бар" ақпараттық жүйесі талаптарынның сақталуын қамтамасыз ету және оның орындалуын жүйелі түрде бақылау.

Біліктілік талаптары:

  • Білімі: орта (техникалық және кәсіптік);
  • Мамандығы: Теміржол көлігіндегі Автоматтандыру және басқару; Теміржол көлігіндегі Радиотехника, электроника және телекоммуникация, Теміржол көлігіндегі Автоматика, телемеханика және байланыс;
  • Жұмыс тәжірибесі: талап етілмейді.

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр
  • Ғылым кандидаты
  • Ғылым докторы
  • Техникалық және кәсіптік білім беру
  • Колледж