«QazaqGaz Aimaq» АҚ Түркістан өндірістік филиалының электрохимиялық қорғау және диагностика қызметінің жетекші инженері

"QazaqGaz Aimaq" АҚ Түркістан өндірістік филиалы Ақсу а.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
1

Қаралған саны:
120

   Конкурс туралы

Құрметті ізденуші!

Біздің компанияға қызығушылық танытқаныңыз үшін рахмет.

Бос орынға жауап бермес бұрын конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және т.б. туралы ұсынылатын деректердің анықтығына ізденуші жауапты болады.
  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоғы туралы анықтама беру қажет.
  3. Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қадағалауыңызды сұраймыз.

Төменде сіз жарияланған бос орнымен таныса аласыз.

Міндеттері:

  1. Кестелерді жасайды:
    • катодтық станциялар мен протекторларды техникалық қызмет көрсету және ағымдағы жөндеу;
    • анодтарды ауыстырумен катодтық станцияларды жөндеу;
    • жер асты газ құбырларындағы топырақтың коррозиялық белсенділігін өлшеу;
    • газ құбырларын техникалық тексеру және диагностика жасау.
  2. Нормативтік-техникалық құжаттамада белгіленген көлемде және мерзімде жұмыстардың орындалуын ұйымдастырады және бақылайды:
    • анодтарды ауыстыруды қоса алғанда, электр қондырғыларына техникалық қызмет көрсету және ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу;
    • электрқорғаныс қондырғыларының жұмысының тиімділігін өлшеу, потенциалдық диаграммаларды сызу және жер асты газ құбырларының қорғалған аймақтарын анықтау;
    • топырақтың коррозиялық белсенділігін аспаптық және зертханалық әдістермен анықтау, талдау нәтижелері бойынша топырақ коррозиялық картасын жасау;
    • жер асты газ құбырларын аспаптық әдіспен, шурфтық және бұрғылау тексеру әдістерімен техникалық тексеру.
  3. ЭХҚ қондырғыларымен ағымдағы жылға арналған электр энергиясын пайдалану жоспарын әзірлейді, электр энергиясын тұтынуды бақылайды және есепке алады.
  4. Орнатылған ЭХҚ құралдары туралы мәліметтер дайындайды.
  5. Маршруттық карталарды сызады, газ тарату жүйелеріне ЭХҚ құралдарын белгілейді.
  6. Орындалған жұмыстардың нәтижелерін талдайды және есептік ақпаратты қалыптастырады.
  7. Құбырлар мен жер асты металл құрылыстарын коррозиядан электрохимиялық қорғау құрылғыларының үздіксіз жұмысын қамтамасыз етеді.
  8. Қолданыстағы электрохимиялық қорғау құрылғыларын тексеруді және олардың техникалық жай-күйін бақылауды қамтамасыз етеді.
  9. Жер асты құбырларын және металл құрылыстарын пайдалануға қабылдау жөніндегі жұмыс комиссияларының жұмысына қатысады.
  10. ЭХҚ құралдарының сенімділігі мен тиімділігін арттыруға, еңбек сыйымдылығын және жұмыстың өзіндік құнын төмендетуге шаралар қабылдайды.
  11. Жабдықтарға жоспарлы-алдын алу жөндеу жоспарларын әзірлейді және олардың орындалуын қамтамасыз етеді.
  12. Техникалық құжаттаманы және есептілікті жүргізеді.
  13. Өндірістік нысандардағы өнеркәсіптік қауіпсіздіктің жай-күйін жедел тексеруді жүзеге асырады.
  14. Қызметкерлерді арнайы киіммен, жеке және ұжымдық қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етуге арналған жылдық өтінімді жасайды;
    • ТМЗ қабылдау мен беруді бақылайды;
    • жылдық өтінімге сәйкес ТМЗ-ны уақытылы есептен шығаруды бақылайды;
    • негізгі құралдар мен ТМЗ-ға жылдық өтінімді әзірлейді және келіседі.
  15. Өзінің лауазымдық нұсқаулығына сәйкес уақытша жоқ басшының міндеттерін орындайды.
  16. Өз құзыреті шегінде басшылықтың басқа да тапсырмаларын орындайды.

Талаптар:

Жоғары техникалық білім және электрохимиялық қорғау, газ немесе өнеркәсіптік желілерді пайдалану саласында кемінде 3–5 жыл жұмыс өтілі.

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Магистр

Міндетті түрде тілдерді білу

  • Қазақ тілі (Кәсіби)
  • Орыс тілі (Кәсіби)