"ҚТЖ-Жүк тасымалы" ЖШС - "ЖТ Ақтөбе бөлімшесі" филиалы техникалық бөлімінің жетекші инженері
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.
-
Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.
Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.
-
Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- мүдделер қақтығысы туралы декларация;
- үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
- үміткер анкетасы.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.
Лауазымдық міндеттер:
- Жүк тасымалдау бөлімшесінің станциялары бойынша пайдалану көрсеткіштерінің жоспарын әзірлеу.
- Филиалдың пайдалану қызметі бойынша ай сайынғы есептерді дайындау және жүк тасымалдау бөлімшесіне ұсыну.
- Пайдалану көрсеткіштері бойынша селекторлық кеңестерге материалдар дайындау.
- Станция жұмысының технологиялық процестерін жасау мен қайта құрудың дұрыстығын тексеру және оған желіге шығумен өзгерістер мен толықтыруларды уақтылы енгізу.
- Станция жұмысының технологиялық процестерін және технологиялық карталарды қайта өңдеу жоспарын жасау.
- Келіп түскен нұсқауларға, бұйрықтарға сәйкес станцияның технологиялық процестеріне өзгерістер мен толықтырулардың уақтылы енгізілуін бақылау.
- Станция жұмысының технологиялық процестерінің және жұмыс орнындағы технологиялық карталардың сақталуын және болуын бақылау.
- Жүк тасымалы бөлімшесінің жартыжылдық, жылдық есептерін және оларға слайд материалдарын дайындауға қатысу.
- Филиалда рационализаторлық қызметті ұйымдастыру бойынша жұмыс жүргізу.
- Ай сайынғы есептерді әзірлеуге және станция жұмысының пайдалану көрсеткіштерінің жоспарын түзетуге қатысу.
- Станция жұмысшыларына пайдалану жұмыстарымен және станция жұмысының технологиялық процестерін әзірлеумен байланысты мәселелер бойынша консультациялар беру.
- Қауіпсіздікті қамтамасыз етуде станция бастықтары мен желілік бөлімшенің бас инженерлерінің атқарған жұмыстары туралы есептерді тыңдауға қатысу.
- Техникалық бөлімге жүктелген міндеттерді орындауға бағытталған мәселелерді шешуге қатысу.
- Белгіленген тәртіппен іс қағаздарын жүргізу.
- Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі);
- Мамандығы: Тасымалдауды ұйымдастыру, тасымалдау және көлікті пайдалану (темір жол көлігі);
- Жұмыс тәжірибесі: қызмет бейіні бойынша кемінде 5 жыл.
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Маман
- Магистр
- Ғылым кандидаты
- Ғылым докторы