"ҚМГ Инжиниринг"ЖШС кен орындарын жайластыру департаменті газ конденсатты кен орындарын жайластыру басқармасының сарапшысы

ҚМГ Инжиниринг Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 6 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
9

Қаралған саны:
145

   Конкурс туралы
Талаптар
Лауазымдық нұсқаулық бойынша біліктілік талаптары
Талап етілетін біліктілік
Білімі (жоғары, мамандық/біліктілік) қызмет бейіне сәйкес жоғары кәсіптік білімі
Кәсіби саладағы жұмыс өтілі 6 жылдан кем емес
Бейіні бойынша ұлттық және/немесе халықаралық компаниялардағы және/немесе функционалдық бағыттарға сәйкес салалардағы жұмыс өтілі талап етілмейді
Басшылық лауазымдардағы жұмыс өтілі талап етілмейді
Лауазымдық міндеттерді орындау үшін қажетті білім:
- жобалау, озық құралдар және жобалау қызметінің үздік тәжірибелері саласындағы білім мен дағдылар;
- мұнай-газ кен орындарын жайластыруды тұжырымдамалық жобалау бойынша білімі мен дағдысы;
- Өндіру техникасы мен технологиясының негіздерін, ұңғыма өнімдерін жинау және тасымалдау жүйесінің технологиялық процесін білу;
- өндірістің пайдалану сенімділігі қағидаттарын, жерүсті жабдығының тұтастығы мен сенімділігін басқару жүйесінің қағидаттарын білу;
- жердегі жайластыру бойынша жобалық және нормативтік-техникалық құжаттамамен жұмыс істеу дағдылары мен білімі;
- өнеркәсіптік, өрт және экологиялық қауіпсіздік саласындағы жобалық және нормативтік-техникалық құжаттамаларды білу;
Міндеттерді орындау үшін қажетті дағдылар:
- ақпаратты жинау, жүйелеу және талдау, қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды пайдалана отырып құжаттаманы есепке алу және жүргізу, ұңғымалық өнімді жинау, тасымалдау және дайындау жүйесін жерүсті жайластыру мәселелері бойынша қорытындылар мен есептер дайындау дағдылары;
- сапа менеджментінің интеграцияланған жүйесі, қоршаған орта, денсаулық сақтау және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ ақпараттық қауіпсіздік менеджменті жүйесі саласында; тәуекелдерді басқару жүйесі мен ішкі бақылау жүйесі негіздері саласында;
- бағдарламалық қамтамасыз етумен (Microsoft office (Word, Excel, PowerPoint, Outlook), Acrobat, MS Project), байланыс және коммуникация құралдарымен жұмыс істеу білімі мен дағдылары;
- таныстыру, іскерлік қарым-қатынас және хат алмасу дағдылары;
- қазақ және/немесе орыс тілін, ағылшын тілін білу (мүмкіндігінше).
Осы лауазым бойынша функционалдық міндеттер:
- ҚМГ ЕТҰ ұңғыма өнімдерін жинау, тасымалдау және дайындау жүйесінің жерүсті объектілерін тұжырымдамалық жобалау бойынша жұмыстарды орындау;
- ҚМГ инвестициялық комитетінің қарауына шығарылатын жерүсті жайластыру бөлігінде инвестициялық барлау және өндіру жобаларына (ҚМГ ЕТҰ ұңғыма өнімдерін жинау, тасымалдау және дайындау жүйесін ірілендірілген жайластыру) қорытындыларды жедел дайындау;
- ұңғыма өнімдерін жинау, тасымалдау және дайындау жүйесін, өнеркәсіптік және азаматтық инфрақұрылымды жайластыру саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстары бойынша жұмыс жоспарын орындау;
- ҚМГ ЕТҰ кен орындарын жайластыру бөлігінде мұнай-газ кен орындарының жерүсті объектілерінің жобалау және атқару құжаттамаларына сараптаманы орындау және жұмыс нәтижелері бойынша қорытындылар дайындау/ұсынымдар әзірлеу;
- бағыт бойынша туындаған мәселелер бойынша ҒЗЖ ұйымдастыру және жүргізу мақсатында кәсіпшіліктің жерүсті жүйесіндегі қазіргі жағдайды талдау және бағалау үшін ҚМГ ЕТҰ кен орындарына шығуды жүзеге асыру;
- ҚМГ ЕТҰ жерүсті жайластыру және өндірістік инфрақұрылым мәселелері бойынша техникалық шешімдерді қалыптастыру;
- департамент орындаған жұмыстарды Серіктестіктің Ғылыми-техникалық кеңесінің қарауына ұсыну (қажеттілігіне қарай);
- Департамент туралы ережеге сәйкес департаментке жүктелген жерүсті жобалау және жайластыру бағыты бойынша міндеттерді іске асыруды қамтамасыз ету және функцияларды орындау;
- нормативтік талаптардың сақталуын қамтамасыз ету және құжаттаманы сапалы ресімдеу, оны келісудің белгіленген тәртібін сақтау;
- ҚМГ кен орындарын жайластыру және шығындарын оңтайландыру бөлігінде жобалық құжаттардың мониторингі мен сараптамасы;
- жетекшілік ететін жобалар бойынша Серіктестіктің басшылығына есеп беру;
- өзіне еңбек шартымен және осы лауазымдық нұсқаулықпен жүктелген міндеттерді сапалы және уақтылы орындау, сондай-ақ Серіктестік басшылығының бұйрықтарын, өкімдері мен тапсырмаларын тиісінше орындау.




Ерекше шарттар: *
жоқ
Ескерту: **
жоқ

Анықтама:
* Сирек кездесетін мамандардың қажеттілігі және бос жұмыс орнының күрделілігі туралы ақпарат.
** Босатылған позиция туралы ақпарат (қызметкермен еңбек шартын бұзу, ұйымдық құрылымды өзгерту кезінде, оқу демалысы, жүктілік және босану бойынша демалыс, жалақы сақталмайтын демалыс (ұзақ демалыс), зейнеткерлік жасқа жеткен қызметкердің зейнетке шығуы және т. б.)

Қажетті білім дәрежесі

  • Магистр