1 санатты тепловоздарды есепке алу жөніндегі техник ТЧЭ-25
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.
-
Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.
Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.
-
Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- мүдделер қақтығысы туралы декларация;
- үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
- үміткер анкетасы.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.
Лауазымдық міндеттер:
Еңбек және атқарушылық тәртіпті, ішкі еңбек тәртібі қағадаларын жұмыс режимін сақтау;
ТО-3, ТО-6 и ТО-7 өткен локомотивтердің техникалық құжаттарын рәсімдеу.
Локомотивтерді есепке алу, бақылау.
Бандаждардың жай- күйі, тепловоздарды жөндеу және техникалық қызмет көрсету арасындағы жүгірістер жайлы есеп жүргізу.
Жөндеудің әртүрлі түрлеріне тепловоздардың құжаттамасын дайындау, (КР, ТОУ-8, ТО-8 және ТО-7)
Техникалық құжаттамаға (паспорттарға, формулярға) өзгерістерге енгізе отырып, МПР кезінде тораптардың ауысымдылығын есепке алуды жүргізу, алынған және орнатылған жабдықтарды салыстыру.
Біліктілік талаптары:
1. Білім: орта кәсіптік техникалық 2. Мамандығы: темір жол көлігінде тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару; темір жолдардың жылжымалы құрамын пайдалану жөндеу және техникалық қызмет көрсету ( турлери бойынша) 3. Уңбек өтілін көрсетпей жұмыс тәжірибесіҚосымша талаптар:
КМБ-ны ТЭД-ны шығаруды және айналдыруды есепке алу кітабын паспорттарға, ТУ-28 есепке алу кітаптарына енгізе отырып жүргізу.
Локомотивтердің жағдайының нашарлауды тудыратын себептерді жою жөніндегі іс-шараларды әзірлеуге қатысу.
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Техникалық және кәсіптік білім беру
- Колледж