Күрделі құрылыс бөлімінің бастығы

"QazaqGaz Aimaq" АҚ Қарағанды өндірістік филиалы Қарағанды қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 5 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
2

Қаралған саны:
95

   Конкурс туралы
Құрметті ізденуші!

Біздің компанияға қызығушылық танытқаныңыз үшін рахмет.
Бос орынға жауап бермес бұрын конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:Білім, тәжірибе, дағдылар және т.б. туралы ұсынылатын деректердің анықтығына ізденуші жауапты болады.Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоғы туралы анықтама беру қажет.Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қадағалауыңызды сұраймыз.

Төменде сіз жарияланған бос орнымен таныса аласыз.

Міндеттері:

  • Күрделі құрылыс бөлімінің Нормативтік - техникалық құжаттамасымен және өндірістік нұсқаулықтарымен қамтамасыз ету;
  • Бюджет негізінде тауарлар, жұмыстар мен қызметтер номенклатурасын жоспарлауды бақылауды жүзеге асыру;
  • Филиалдың газбен жабдықтау инфрақұрылымын жаңғырту және күрделі жөндеу бойынша құрылыс жұмыстарын жүргізу қажеттілігінің негіздемесін тексеру;
  • Ұсынылған және тексерілген сметалар негізінде жұмыстардың негізгі көлемін жасау;
  • Конкурстарды өткізу кезінде әлеуетті мердігерлерге ұсыну үшін объект туралы ақпарат жинауды және жинақтауды ұйымдастыру;
  • Мердігерлік ұйымдарда әзірленген келіп түскен жобалау – сметалық құжаттаманың есебін жүргізуді, оның толықтығын тексеруді және белгіленген тәртіппен келісу және бекіту үшін дайындықты қамтамасыз ету;
  • Жобаны қарау, келісу және бекітуді қамтамасыз ету;
  • Мердігерлік ұйымдар орындайтын газ құбырлары мен олардағы құрылыстарды жаңғырту және күрделі жөндеу бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстарының орындалу барысына бақылау жүргізуді қамтамасыз ету;
  • Жаңғырту және күрделі жөндеу бойынша құрылысы аяқталған объектіні пайдалануға қабылдау жөніндегі комиссияның жұмысына қатысу;
  • Әлеуетті өнім берушілердің техникалық ерекшелік/техникалық тапсырма талаптарына сәйкестігі және сатып алу рәсімдерінің қорытындылары бойынша жасалған шарттардың орындалуы туралы қорытындылар ұсынуға жауапты болады;
  • Кіріс және шығыс құжаттардың, бұйрықтардың, өкімдердің, қызметтік жазбалардың мазмұны мен орындалуын бақылауды жүзеге асыру.

Талаптар:

  • Білімі-тиісті мамандық бойынша жоғары (техникалық) және мамандық бойынша жұмыс өтілі кемінде 5 жыл;

Шарттар:

  • Жұмыс уақыты 08 сағат 30 минуттан 18 сағат 00 минутқа дейін түскі асқа 1 сағат 30 минут үзіліспен 12 сағат 30 минуттан 14 сағат 00 минутқа дейін;
  • Екі демалыс күні бар бес күндік жұмыс аптасы – сенбі және жексенбі.