"KEGOC" АҚ "Ақмола ЖЭТ" филиалының ақша қаражатын есепке алу бойынша 1 санатты бухгалтер

Жалақы көрсетілмеген
«KEGOC» АҚ Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
16

Қаралған саны:
243

   Конкурс туралы

Біліктілікке қойылатын талаптар

Білім деңгейі

Жоғары

Мамандығы (диплом бойынша бағыты)

Қаржылық және/немесе экономикалық және /немесе «Бухгалтерлік есеп және аудит»

Лауазым бағыты бойынша жұмыс тәжірибесі

Қаржы-бухгалтерлік саласында

Лауазым бағыты бойынша жұмыс тәжірибесі (ұзақтығы), жыл

2-санатты бухгалтер лауазымындағы жұмыс тәжірибесі 2 жылдан кем емес немесе мамандығы бойынша жұмыс тәжірибесі 3 жылдан кем емес болуы тиіс

Басшылық лауазымдардағы жұмыс тәжірибесі (ұзақтығы), жыл

 

Міндеттерді орындау үшін қажетті дағдылар

·        ҚР Бухгалтерлік және салықтық есеп, қаржылық есептілік туралы заңнамасын білу;

·        Салалық заңнаманы білу;

·        Дәлдік пен зейін;

·        Командада жұмыс істеу дағдылары, көшбасшылық және коммуникативтілік-ынтымақтастыққа ашықтық, көпшілік алдында сөйлеу дағдылары, әртүрлі көзқарастар арасында консенсус таба білу және сындарлы диалогты белсенді жүргізу;

·        Кәсіпқойлық (адалдық, объективтілік және кәсіби этика қағидаттарын қатаң сақтау).

Лицензиялар, сертификаттар

 

Қосымша талаптар

·        Microsoft office Word, Microsoft office Excel, Microsoft office Outlook, IBM Notes тәжірибелі пайдаланушысы, кеңсе периферияларын (принтер, факс, сканер) қолдана білу; интернет ресурстарын пайдалану дағдыларына ие болу

·        қазақ, орыс тілдерін білу.

  • Лауазымдық (функционалдық) міндеттері:
  • кассадан белгіленген тәртіппен ресімделген кіріс және шығыс кассалық ордерлер, төлем тізілімдері бойынша ақша қаражатын қабылдайды және береді, бұл операцияларды бухгалтерлік есеп шоттарында көрсетеді;
  • кіріс және шығыс ордерлері негізінде кассалық кітапты жүргізеді;
  • кассада ақша қаражатының сақталуын қамтамасыз ететін қағидаларды сақтайды, кассалық және есеп айырысу тәртібін сақтайды;
  • ағымдағы шоттарда ақшалай қаражаттың бухгалтерлік есебін жүргізу жөніндегі жұмысты орындайды;
  • шоттардағы ақша қаражатының қалдықтарын бақылайды;
  • бухгалтерлік есептің сеніп тапсырылған учаскесі бойынша операцияларды бухгалтерлік есеп шоттарында сапалы және уақытылы көрсетеді;
  • банк шотын ашу/жабу үшін құжаттарды дайындайды;
  • қолданыстағы нормативтік құжаттарға сәйкес төлемдер тізілімін жасайды және төлемдерді жүргізеді;
  • сыртқы аудиторлардың сұрау салулары бойынша ақпарат дайындауға қатысады;
  • бухгалтерлік есеп процестері бойынша пайдаланушылардың бекітілген рәсімдері мен нұсқаулықтарын жетілдіруді және өзектендіруді жүзеге асырады;
  • бухгалтерлік құжаттардың сақталуын қадағалайды, оларды мұрағатқа беру үшін белгіленген тәртіпке сәйкес ресімдейді;
  • деректерді айлық, тоқсандық, жылдық есепке дайындайды;
  • ақшаны валюталық шотқа аудару үшін айырбастауды жүргізеді;
  • қызметтер мен бөлімдердің ұсынылған өтінімдері негізінде қаржыландыру жоспарын уақытылы жасайды;
  • ай сайынғы салыстырмалы позициялық талдау, банктің қызметтері бойынша есеп жасайды;
  • есепті сомаларды беруге өтінімдерді уақытылы қалыптастырады;
  • ай сайын орындау бойынша есеп қаржыландыру жоспарын жасайды;
  • жетекшілік ететін есепке алу учаскесі бойынша жыл сайынғы жоспарлы түгендеу жүргізуге қатысады;
  • ақша қаражатының орталықтандырылмаған шығыстары бойынша есеп жасайды;
  • тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді тұтынушылармен және жеткізушілермен шарттардың ай сайынғы мониторингін жасайды;
  • «Банктің қызметтері» бабы бойынша бюджетті қалыптастыру жөніндегі деректерді дайындайды және оны жүйеде көрсетеді;
  • өзінің тікелей басшысының жекелеген қызметтік тапсырмаларын орындайды;
  • өзінің жұмыс орнын тәртіппен ұстайды, компьютерде жұмыс істеу кезінде электр сымдарының жай-күйін бақылайды, жұмыс күнінің соңында электр аспаптары мен электр жабдықтарын өшіреді;
  • Жұмыс берушіге адамдардың өмірі мен денсаулығына, жұмыс беруші мен жұмыскерлердің мүлкінің сақталуына қатер төндіретін туындаған жағдай туралы, сондай-ақ бос тұрып қалудың туындауы туралы хабарлайды.

 

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр