Корпоративтік хатшы

«Қазгеология» АҚ Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
5

Қаралған саны:
512

   Конкурс туралы

Міндеттері:

  • Корпоративтік шешімдерді Директорлар кеңесі мен оның комитеттері тарапынан уақтылы және сапалы қабылдауға жәрдемдесу;
  • Компанияның Директорлар кеңесі, Басқармасы мен акционерлері арасында тиімді өзара әрекеттесуді қамтамасыз ету;
  • Компанияның Директорлар кеңесінің және Басқармасының мүшелеріне корпоративтік басқару мәселелері бойынша кеңесші рөлін орындау;
  • Компаниядағы корпоративтік басқару деңгейін арттыруға бағытталған өз құзыреті шегінде іс-шараларды жүзеге асыру;
  • Қазақстан Республикасының заңнамасы, Компанияның Жарғысы, Компанияның корпоративтік басқару Кодексі, осы Ереже және Компанияның басқа да ішкі құжаттарының талаптарын өз қызметінде сақтау;
  • Компанияда корпоративтік басқару саласындағы анықталған бұзушылықтар туралы Директорлар кеңесін хабардар ету; мемлекеттік органдардың талаптарымен, корпоративтік басқару заңнамасының ережелерімен байланысты мәселелер бойынша Компанияның лауазымды тұлғаларына консультациялар беру; Компанияның корпоративтік басқару саясатын және практикасын әзірлеуге, сақтау мен мерзімді қайта қарауға қатысу; корпоративтік басқару саласындағы қолданыстағы практика, тенденциялар, даму перспективаларын мониторингтеу және талдау;

Талаптар:

  • Профиль бойынша жоғары білім: заңгерлік немесе қаржы-экономикалық
  • Корпоративтік хатшының кәсіби сертификатының міндетті болуы
  • Заң саласында және корпоративтік құқық (басқару) немесе қаржы саласында бағалы қағаздар нарығында жұмыс тәжірибесі
  • Кәсіби салада кемінде 6 жыл жұмыс тәжірибесі, оның 3-і акционерлік қоғамдарда
  • Корпоративтік хатшы ретінде кемінде 3 жыл жұмыс тәжірибесі
  • Акционерлік қоғамдардың қызметі, сондай-ақ жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы заңнаманы білу
  • Корпоративтік басқару саласындағы ережелер мен нормаларды білу
  • Директорлар кеңесінің және оның органдарының функцияларын, акционерлердің жалпы жиналыстарын және Директорлар кеңесінің отырыстарын дайындау тәртібін және ережелерін білу
  • Компания туралы ақпаратты жариялау ережелерін білу
  • Корпоративтік басқару/этика және комплаенс кодексін білу; халықаралық корпоративтік заңнаманың негіздерін, корпоративтік басқарудың озық отандық және шетелдік практикасын көрсететін нормативтік құжаттарды білу
  • Корпоративтік конфликтілерді реттеу тәртібін білу

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр

Бағыттар бойынша сертификаттардың бар болуы қажет

  • Басқа