«ҚазТрансОйл» АҚ Батыс операторлық қызметтер көрсету басқармасының ТПАБЖжМҚ қызметінің инженер-метрологы (КҚК жобасы)

«ҚазТрансОйл» АҚ Атырау қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: Тәжірибесіз Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос жұмыс орын тоқтатылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
24

Қаралған саны:
814

   Конкурс туралы

Міндеттері:

1) өлшеу құралдарының, қауіпсіздік аспаптарының, өлшеулерді орындаудың аттестатталған әдістемелерінің, тексеру үшін қолданылатын эталондардың жай-күйі мен қолданылуына метрологиялық бақылауды жүзеге асыру, сондай-ақ құрылымдық бөлімшелерде мерзімді тексерулерді ұйымдастыру және жүргізу жолымен метрологиялық ережелер мен нормалардың сақталуын бақылау;

2) өндірісті метрологиялық қамтамасыз етудің перспективалық және жылдық жоспарларын әзірлеуге басшылық жасау;

3) өлшеу құралдарын Мемлекеттік тексеруге ұсыну;    

4) өндірістік объектіде ЕҚ, ҚТ және өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының сақталуына өндірістік бақылауды жүзеге асыру;

5) өлшеу құралдарын тексеру кестелерін жасау;

6) құзыреттілік шегінде үлгілі өлшеу құралдары мен басқа да жабдықтарды сатып алуға жиынтық жылдық өтінімді келісу және қалыптастыру;

7) пайдаланудағы өлшеу құралдарын тексеру бойынша жұмыстар жүргізуді ұйымдастыру;

8) басқарма бұйрықтары мен өкімдерінде, бақылаушы органдардың нұсқамаларында белгіленген бұзушылықтарды жоюға бақылауды жүзеге асыру;

9) еңбек тәртіптемесін және ішкі еңбек тәртібінің ережелерін сақтау;

10) өлшеу құралдарының  жай-күйі мен оларды монтаждау, орнату және қолданудың дұрыстығына, жаңадан келіп түсетін өлшеу құралдарын техникалық қабылдауға міндетті бақылауды жүзеге асыру.

 

Келесі салада лауазымдық міндеттерді орындау үшін қажетті білім:

1) Қазақстан Республикасының «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» 2000 жылғы 7 маусымдағы, «Техникалық реттеу туралы» 2024 жылғы 1 қыркүйектегі Заңдары; өлшем бірлігін қамтамасыз ету жүйесі жөніндегі өзге де нормативтік және әдістемелік құжаттар, тексеру және калибрлеу қызметіне, метрологиялық бақылау мен қадағалауға қатысты өлшем бірлігін қамтамасыз ету жөніндегі ережелер;

2) калибрленетін аспаптар пайдаланылатын өлшеулерді, бақылау мен сынақтарды орындау әдістемелері, аспаптарды пайдалану шарттары;

3) аспаптарды калибрлеу үшін пайдаланылатын эталондар мен қондырғылардың құрылысы мен пайдалану қағидалары;

4) Қоғамның өндірістік-шаруашылық және қаржы-экономикалық қызметін реттейтін заңнамалық және нормативтік актілер;

5) метрологиялық бақылау және өндірісті қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты жоспарлау тәртібі мен әдістері;

6) еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау, өрт және экологиялық қауіпсіздік;

7) ҚР СТ 1928-2023 сәйкес базалық деңгейде мемлекеттік тілді білу.

 

Міндеттерді орындау үшін қажетті дағдылар:

1) технологиялық процестердің дәлдігін талдау кезінде күрделі шамаларды өлшеуді орындау және метрология мәселелері бойынша кәсіпорын бөлімшелері арасында туындайтын келіспеушіліктерді шешу;

2) аспаптарды калибрлеуді орындай білу;

3) персоналдың технологиялық құжаттаманы уақтылы жүргізуін қамтамасыз ету;

4) тексеру және калибрлеу кестелерін жасау, олардың нәтижелері бойынша тексеру аралықтарын түзету бойынша ұсынымдар әзірлеу;

5) метрологиялық қағидалар мен нормаларды бұзу туралы хаттамалар жасау;

6) кешенді регламенттелген қызмет көрсету жүйесін енгізу;

7) персоналдың пайдалану нұсқаулықтарын сақтауын қамтамасыз ету;

8) кәсіпорынның технологиялық процестерінде орындалатын шамаларды өлшеу қателігін бағалау;

9) кәсіпорын бөлімшелерінде аспаптардың жай-күйі мен қолданылуын, өлшеулерді орындаудың аттестатталған әдістемелерін метрологиялық қадағалауды жүзеге асыру;

10) қолмен электрлендірілген құралмен жұмыс істей білу;

11) электрқондырғыларда қорғаныс құралдарын қолдана білу;

12) электр шамаларын өлшеуге және электр сигналдарын беруге арналған аспаптармен (мультиметрлер, электр сигналдарының калибраторлары, қысым, температура калибраторлары, мегаомметр) жұмыс істей білу;

13) басқару аппаратының қызметтерімен, басқарманың құрылымдық бөлімшелерімен, Қоғамның ОА-мен, сондай-ақ ҚР-ның бақылаушы және қадағалау органдарымен хат алмасу процесі үшін метрология мәселелері бойынша қызметтік жазбалар, хаттар және басқа да құжаттама жасай білу.

 

Талаптары:

  1. Жұмыс өтіліне талаптар қойылмай, кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім немесе тиісті мамандық (біліктілік) бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі (арнаулы орта, кәсіптік орта) білім және метрология технигі лауазымында жұмыс өтілі кемінде 3 жыл.
  2. «Өрт-техникалық минимум» өткен оқуы бойынша куәлік;
  3. «Өнеркәсіптік қауіпсіздік» өткен оқуы бойынша куәлік;
  4. «Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау» өткен оқуы бойынша куәлік.

 

Шарттары:

Зиянды факторларсыз, қалыпты еңбек жағдайлары.

5 күндік жұмыс аптасында 8 сағаттық жұмыс күні.

ҚР Еңбек кодексіне сәйкес еңбек шартын ресімдеу.

Медициналық сақтандыру.

Оқыту және кәсіби даму.

Ұжымдық шартқа сәйкес әлеуметтік қолдау.

Кәсіби ұжым.

Жұмыс орны: Атырау облысы, Атырау қаласы, Орал тас жолының 5 км.

Қажетті қабілеттер

  • умение выполнять калибровку приборов
  • составлять протоколы о нарушении метрологических правил и норм
  • оценивать погрешность измерений величин, выполняемых в технологических процессах

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр
  • Техникалық және кәсіптік білім беру
  • Колледж

Міндетті түрде тілдерді білу

  • Қазақ тілі (Озат)
  • Орыс тілі (Озат)

Бағыттар бойынша сертификаттардың бар болуы қажет

  • Қауіпсіздік техникасы