KEGOC АҚ «Оңтүстік ЖЭТ» филиалының Қүрделі құрылыс қызметінің инженері Тараз қаласы
Білім деңгейі: Орта техниқалық/Жоғары немесе одан жоғары
Білім профилі: құрылыс саласы/ немесе электр энергетикасы салаларға бағытталған / геология
Кәсіби тәжірибесі және еңбек тәжірибесі: Электр энергетикасы немесе құрылыс саласында. Жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі болған жағдайда – жұмыс өтіліне талап қойылмайды; орта арнаулы білімі болған жағдайда – маман лауазымдарында кемінде 5 жыл жұмыс өтілі болуы тиіс.
Білу керек: Электр станциялары мен желілерін техникалық пайдалану саласындағы салалық қағидаларды, нормаларды, талаптарды, Электр жабдықтарын орнату қағидаларын, Электр қондырғыларын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасын, өрт қауіпсіздігі қағидаларын, энергетикалық ұйымдарда өзінің лауазымдық міндеттерін орындау үшін қажетті көлемде білу. Электр қауіпсіздігі бойынша III біліктілік тобының болуы.
Міндеттерді орындау үшін қажетті дағдылар:
электр энергиясын өндіру, тасымалдау және бөлу саласында теориялық және практикалық білімі болуы, электр желілерін техникалық пайдалану саласындағы салалық ережелерді, нормаларды, талаптарды, электр қондырғыларын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік шараларын, өрт қауіпсіздігі ережелерін қажетті шамада білу, құжат айналымы жүйесі бойынша түсетін мемлекеттік тілдегі ақпаратты қабылдау құжаттың мәнін және оның лауазымдық міндеттерін орындау үшін жеткілікті негізгі ережелерін түсіну;өңірдің электр желісінің схемасын, негізгі жабдықтарының параметрлері мен құрамын білу; кәсіпқойлық (адалдық, объективтілік және кәсіби этика қағидаттарын қатаң сақтау).
ЖК жұмыс істеу үшін қажеті дағдылар: ЖК және MS Office / Word, Excel, Corel Draw, ERP SAP бағдарламасы және с.с. тәжірибелі қолданушысы болу.
Тілдік дағдылар: Қазақ тілі, орыс тілі.
Қосымша: іс сапарға дайын болу
Негізгі лауазымдық міндеттері:
Негізгі лауазымдық міндеттері:
1) жобалау және құрылыс ұйымдарының шарттық міндеттемелерді орындауына бақылыуды жүзеге асырады және қажет болған жағдайда шарттарда көзделген санкцияларды қолданады.
2) күрделі құрылыс жоспарларының орындалуын, құрылыс жұмыстарын жүргізу үшін жобалау-сметалық және техникалық құжаттаманың уақтылы берілуін ұйымдастырады, сондай-ақ жұмыстардың орындалу мерзімдері мен сапасына, олардың бекітілген жобалау-сметалық құжаттамаға, жұмыс сызбаларына, құрылыс нормаларына, стандарттарға, қауіпсіздік техникасы нормаларына, өндірістік санитарияға, еңбекті ұтымды ұйымдастыру талаптарына сәйкестігіне техникалық қадағалауды жүзеге асырады;3) объектілердің уақтылы пайдалануға берілуін бақылауды жүзеге асырады;;
4) құрылыс алаңдарында жабдықтарды орнатуға, сынауға және тіркеуге байланысты мәселелерді техникалық қадағалауды жүзеге асыратын органдармен келіседі;
5) объектілерді уақтылы пайдалануға беруді бақылауды жүзеге асырады;
6) құрылыстағы еңбекті ұйымдастыруды жетілдіру, құрылыс жұмыстарының шығындарын қысқарту және сапасын арттыру, олардың мерзімдерін қысқарту, жобалау-іздестіру жұмыстарын жақсарту және арзандату жөніндегі жұмысқа жетекшілік етеді;
7) күрделі құрылыс бойынша есепке алу мен есептілікті жүргізу жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;
8) қызмет бастығының және филиал басшылығының жекелеген тапсырмаларын орындайды
9) қүрделі құрылыс қызметі жоспарларының уақтылы орындалуын қамтамасыз ету үшін объектілер мен басқа да мекемелердің орналасқан жері бойынша Әкімдіктердің атқарушы органдарымен қажетті құжаттарды пысықтайды;
10) мүддесі «KEGOC» АҚ инвестициялық бағдарламасының жобаларын іске асыруға қатысты жер учаскелерінің меншік иелерімен қажетті құжаттар мен келісімдерді келісу, қол қою процесін жүзеге асырады.
Жұмыс орны: Тараз қаласы, Лұқманов көшесі, 110 «KEGOC» АҚ «Оңтүстік ЖЭТ» филиалының Жамбыл АЭТ базасы
Түйіндемені қабылдау мерзімі 2025 жылғы 24 шілдені қоса алғанға дейін
Қажетті қабілеттер
- Ведение проекта, работа с подрядчиками
- -Знание сметно-нормативной базы РК, методики формирования сметной стоимости строительства
- Выполнение строительных чертежей в программе AutoCAD
- Ведение документации землеустроительных проектов по формированию земельных участков
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Маман
- Магистр
- Техникалық және кәсіптік білім беру
- Колледж
Міндетті түрде тілдерді білу
- Қазақ тілі (Озат)
- Орыс тілі (Озат)
Ұқсас вакансиялар
